72 сағат
«Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының кеңсесі салтанатты түрде ашылды. Одан кейін бірлестік кеңесінің жиыны өтіп, жұмыс жоспары бекітілді. Одақ мүшелігіне өңіріміздегі заңгерлер қауымдастығының кіру жайы талқыланды. Аталған одақ филиалдары қызметінің басты бағыттарының бірі халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру болып табылады.
«Бастық» демесе беделі түсіп қала ма?
Тегінде қазекемнің жаңалықты қабылдауы қиын ғой. Мыңжылдықтар тоғысында Арқа төсінен айшықты Астана тұрғыздық. «Өзіміз дағдарыстың қыспағынан шыға алмай жатқанда жаңадан қала салғанымыз қай сасқанымыз» дедік о баста. Кейіннен сол жас қала ел экономикасын өрге сүйреген бас қалаға айналғанын көргенде барып, көңіліміз көншіді. «Үш тұғырлы тіл» жобасын енгізгенде тағы да өре түрегелдік. «Қазақ тілі қанатын кең жая алмай жатқанда, ағылшын тілінің не қажеті бар?» дедік жапатармағай. Құдды бір балаларымыз ауылдан ұзап шықпайтындай күйгелектікке салынамыз. Тіл білсін, ілім алсын, қызмет қусын, еліне еңбек етсін. Қазақ балалары қашанғы қойдың соңында жүруі керек?
Жол полициясы өз деңгейінде жұмыс істемейді

Жол-көлік оқиғасының екі еседен астам өсуі осыны айғақтайды
Облыста жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар төмен деңгейде. Мәселен, биылғы алты айда өткен жылдың осы мерзіміне қарағанда жол-көлік оқиғасы 211 пайызға өскен. Былтыр бірінші жартыжылдықта 321 оқиға тіркелсе, биыл 677 жол апатына ц берілген. Нәтижесінде, 113 адам ажал құшып, 1304 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, қаза тапқандардың 22 пайызға, ал, жарақаттанғандар санының 130 пайызға өскенін көрсетеді. Жамбыл, Меркі, Мойынқұм, Қордай аудандарында бұл көрсеткіш 100 пайызға, ал, Сарысу ауданында 50 пайызға артқан.
Маманды… грант таңдайды
«Мен Үкімет алдына орта мектепті бітірген әрбір қазақстандықтың мамандық алу мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. Барлығы жоғары оқу орнына бара алмайды, ол мүмкін де емес. Ал экономикаға техникалық мамандықтар, орта буын жұмысшылары ауадай қажет».
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев
Еңбек нарығының биылғы талабы қандай? Өңіріміз қандай мамандарға зәру? Мемлекеттік білім граaнттары қай салаға көбірек бөлінген? Міне, бұлар мамандық таңдауда ескерілуі тиіс сауалдар.
Мемлекеттік тіл – менің тілім!
Бұл қазақ тілін жетік меңгерген
түрлі этнос жастарының жүрекжарды сөзі
Ырыс төгетін ынтымақтың кілті – бірлікте. Достық пен татулықты ту еткен елімізді мекендеген қай ұлттың өкілі болсын мемлекет саясатын қолдап, оның дамуына барынша атсалысуы арқылы елдегі бейбіт тұрақтылықты сақтап отыр. Бүгінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асыруға балабақшадан бастап, барлық мекемелер белсенділік танытып, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді игеруге, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін танып-білуге деген құлшыныстары артуда. Олардың мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтуға мүдделілігі айрықша екендіктеріне тіл сайыстарында куә болып та жүрміз. Тілі басқа болғанмен, тілегі бір, жүзі басқа болғанмен, жүрегі бір осындай отандастарымыз – кәріс, орыс, шешен жастарының мемлекеттік тіл турасындағы пікірлері де осыған саяды.
Жарнамалаудың да жөні бар

Жол тосып тұрған адам көп, көлік жоқ. Бір сәтке ойға шомып кетсем керек, дәл құлағымның түбінен шыққан үнге селк ете қалдым. «Мына жерде жол апаты болған-ау деймін. Ескерткіш белгі қойылыпты», – деді бейтаныс жан жолдың тау жақ бетіндегі тас белгіні иегімен нұсқай көрсетіп. Даусы біртүрлі жарықшақтанып шықты. Үнінде таңырқаудан гөрі аяныш басым… «Көлік көп жүретін жерде қақтығыстар болмай тұрушы ма еді, бірақ, жолдың бойына мұндай белгіні неге қойды екен» деген оймен жолаушы нұсқаған жаққа қарадым. Расында, бейітке қойылатын құлпытас. Өз көзіме өзім сенбегендей, қайта көз тіктім. Жо-о-оқ, тас белгі емес соның, ескерткіш белгінің темір қаңылтырға бейнеленген сұлбасы екен. Тура жанында жарнамасы ілінген. Ол жерде құлпытастардың қай жерде жасалатыны көрсетіліпті.
Бұл жер – ары-бері жолаушылаған жүргіншілер көп жиналатын автобекет. «Туух» дедім жөнсіз жарнаманы көшеге іліп қойған белгісіз біреулерге іштей ызаланып. Бұрын қалай байқамағанмын? Байқасам да, назар аудармадым ба екен? Мұның жай жарнама екенін білмейтіндер осы тұстан өтіп бара жатып, еріксіз бет сипауы да мүмкін-ау. «Сырт көз – сыншы» деген. Жайшылықта, Құланда туып-өскен соң жерінің ерекшелігі мен жұртының жақсылығын айтып, мақтан етіп жүруші едім, бұл жолы бейтаныс жолаушының алдында ұялдым.
Ардақ Жаңбыршы,
журналист.
Т. Рысқұлов ауданы,
Құлан ауылы.
«Тараз» тең түсті

енді «Астанадан» айласын асыра ала ма?
Жамбылдық жанкүйерлер 27 шілде күні өтетін «Тараз» — «Астана» кездесуін асыға күтіп жүр. Жиырмасыншы турда сырт алаңда «Жетісуды» жеңе алмағанымен (есеп – 1:1, 86 минутта талдықорғандық Мұрат Тілешов есепті теңестірді), «Тараз» өз алаңында «Астанадан» айласын асырып, айды аспанға шығарар деген үмітте. Олар шын қаһарланса, «титулды» команданың да қорғанысын бұза алады. Он жетінші турда экс-чемпион – «Шахтерді» қабылдап, соңғы минуттарда кеншілердің «сыбағасын» тартып алғаннан кейін бұған көпшіліктің көзі анық жете түскен.
Тәуелсіздікті жөргекте жатып аңсаған ұрпақпыз

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан МҰРТАЗАМЕН әңгімеміз, негізінен, ел тәуелсіздігі, қала тіршілігі, ондағы тарихи тұлғалар, олардың ұлағатын ұлықтау, имандылық мәселелері, жалпы адами қасиеттерді ардақтау жайлы болды. Өмірлік құндылықтар жөнінде алып жазушының айтар ойы аз емес екендігі белгілі. Әсіресе, тәуелсіздік туралы…
Талпақ танау

қарабастаулықтардың титығына тие бере ме?
Ғабит Мүсіреповтің «Талпақ танауындағы» ауыл адамдарының шошқаға шошына, жиіркене қарайтыны естеріңізде болар. Өкініштісі сол, Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылы тұрғындарының базынасы осы әңгіменің желісімен пара пар болып отыр. Ауылдың дәл ортасында орналасқан шошқахананың қолқаны қапқан сасық исінен тұрғындар еркін тыныстаудан қалғалы қа-ш-шан?! Айтулы мәселе талай жылдан бері шешімін таппай, жұрттың жүйкесін әбден жұқартып бітті.