Газет туралы

Өткен ғасырдағы сонау 1922 жылдың
1 мамырында алғашқы нөмірі «Кедей
еркі» деген атпен дүниеге келген облыстық
басылым содан бері дәуір тынысына қарай «Еңбек»,
«Диқан даусы», «Колхозшы», «Колхоз жолы»,
«Коммунист», «Сталиндік жол», «Еңбек туы»,
ал 1990 жылдан «Ақ жол» деген атаулармен
өңір жұртшылығының ерлігін, еңбегін, қуаныш-
қайғысын, яғни толайым тағдырын шежіреге
хаттап қалдыруда. Газет алғашқы сандарынан
бастап Әулиеата уезінде Кеңес өкіметінің орнап,
нығаюы, Жамбыл облысын индустрияландыру,
ауылшаруашылығын ұжымдастыруға белсене
атсалысып, алғашқы бесжылдықтар қарқынын

еселеу, Отан соғысы жылдарында Кеңес әскерлерінің
майдандағы ерен ерлігі, тылдағы еңбеккерлердің сол
ерлікке барабар күресі, сондай-ақ соғыстан кейінгі
күйзелген халық шаруашылығын қалпына келтіру
жолындағы қиян-кескі тірлік жайында ұдайы жазып
отырды. Сарғайған газет тігінділерін ақтара отырып,
оның беттерінен заманның тынысын сезіп, сол
тұстағы мемлекет мүддесін, халықтың
арман-тілегін
түсінуге, өңір жұртшылығын жарқын болашаққа
құлшындырған қажыр-қайратын көруге болады.
1972 жылы алғашқы нөмірінің жарық көруінің елу
жылдық мерейтойы қарсаңында өзі тектес басылымдар
арасында алғаш рет жоғары мемлекеттік
награда «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталуы
– газеттің өзіне жүктелген саяси міндет үдесінен
лайықты шыға білгендігінің айғағы.
Алғашқы редакторы Анна Алматинскаядан
бастап, әр кезеңде Құлжабаев, Камалов,
Бексейітов, Сапарбеков, Жанболатов,
Молдағалиев, Ж. Бектұров, Ғ. Аманғалиев,
Ғ. Сармурзин Т. Оңғарбаев, Б. Жаңабаев тәрізді
аға ұрпақ журналистер басшылық жасаған
облыстық басылым, еліміздің тәуелсіздігі
жылдарында А. Бекбосын, Ә. Қалдыбаев және
М. Рысдәулеттің редакторлығымен дәстүр
сабақтастығын жаңарған Қазақстанның
жасампаздық шежіресін жазуға ұластырды.
Бүгінгі «Ақ жол» да қоғамдық ойдың дем
берушісі, халық пікірінің мінбері ретіндегі
міндетінен жаңылған жоқ. Жоғарыда аталған
газет басшыларынан бөлек, әрқайсысы газет
шаңырағының бір-бір уығы бола алған Исраил
Керімбаев, Ахмет Қазыбаев, Анарбек Айтбаев,
Насыр Қоссейітов, Жақсылық Сәтібеков,
Бақытяр Әбілдаұлы, Рахметілда Құдабай,
Кәдірхан Баққараев, Әбдуәлі Әліұлы, Сағат
Арынұлы, Тоба Момынәліұлы, Қыстаубай
Байтуов және басқа белді, белсенді журналистерін
мақтан ете отырып, олардың игі дәстүрлерін
лайықты жалғастырып келеді.
Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылында
газетіміздің ұстанымы жас мемлекетіміздің
ұлы істерін ұлықтап, жаңа даму даңғылының
мән-мағынасын оқырмандар санасына жеткізіп,
сол арқылы серпіліс тудыру, дәуіріміздің жан-
жақты жеңімпаз істеріне баршаны жетелей беру
болып табылды. «Ақ жол» саяси-қоғамдық мүдде
тұрғысында, биліктің ең сенімді қолғанаты екенін
көрсетті. Ол билік пен бұқараның арасындағы
терең байланысқа дәнекер бола білуде. Өз кезегінде
басылымға облыс басшылары тұрақты қолдау мен
көмек көрсетуде. Соның нәтижесінде редакцияның
материалдық-техникалық базасы нығайып, осы
замандық озық үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз
етіліп, журналистердің жұмыс сапасын арттырудың
өркениетті алғышарттары түзілуде.
Бүгінде данагөй қарттың жасына келіп,
кемелденген газетіміздің қазіргі шығармашылық
ұжымы өңірде таралатын алпыстан аса бұқаралық
ақпарат құралдары арасындағы терең тамырлы
тарихы бар, өзіндік орны, ұстанымы, бет-бейнесі
қалыптасқан басылымның туын жықпай, мәртебесін
биіктету жолында тер төгуде.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress