Жамбылдық шабандоздар

қыз қууда жеңімпаз атанып, көкпар ойынында
екінші орынды иеленді

Сонау бір кездері ер көңілді, жомарт жүректі баһадүр-батырларымыздың ат үстіндегі ұрыс өнерін жетік меңгергендігінің арқасында кең-байтақ жерімізді «ақ білектің күшімен, көк найзаның ұшымен» жасанып келген жаудан қорғап, сақтап қалғаны, қалаберді қазанат ат мініп, күллі жер шарын шарлағаны белгілі. Аттың құлағында ойнаған ұрпақ еш уақытта әлжуаз, ынжық, қорқақ болмайды. Керісінше бұлшық еттері бұлт-бұлт ойнап шыныққан шымыр әрі жаужүрек батыр, епті де ақылды болып өседі. Бұл – анық.
Міне, сондықтан да елімізде жылдан-жылға ұлттық спортқа деген көзқарас жақсара түсуде. Әсіресе, көкпар ойынына қызығушылық басым. Қазіргі таңда еліміз аумағында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы атадан мирас болып бізге жеткен осынау ұлттық ойындарымызды одан әрі дамыту ісін қолға алып отыр. Бүгінде елімізде 12 ұлттық спорт мектебі жұмыс істейді. Бұл мектептерде жеткіншектер көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, саятшылық, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, басқа да ұлттық өнерлерімізді үйренуде.
«Ат құлағында ойнап» өскен халқымыздың бүгінгі намысқой ұрпақтары Таразда жиналып, ат спорты ойындары бойынша бәсекені қыздырғаны оқырмандарымызға жақсы мәлім. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының күнтізбелік жоспарына сәйкес Б. Момышұлы атындағы атшабарда апта бойына қызу өрбіген жасөспірімдердің республикалық чемпионаты өзінің мәресіне де жетті.
Аталған біріншілікте білек күші мен тақымының мықтылығы, астындағы аттың да спорт түріне ыңғайлылығы сыналатын қызықты жарыс – аударыспақта ең төменгі салмақ 40 келіде оңтүстіктік Еламан Пернебек, ал, 50 келі салмақта жамбылдық Айдос Асылханов, 60 келі салмақ дәрежесінде ақтөбелік Шыңғыс Ержанов, 70 келі салмақта оңтүстіктік Бақдәулет Шернияз, 70 келіден жоғары салмақта шығысқазақстандық Шамысхан Масалім чемпиондық тұғырға көтерілді.
Ал, теңге ілуде жігіттің ат құлағында ойнайтын ептілігі мен икемділігі, үлкен жылдамдықта төте шауып өтуге үйретілген аты сыналатыны белгілі. Бұл жарыс түрінен мейлінше қысқа уақытта ең үздік өнер көрсеткен ақтөбелік Алихан Башимбаев болды.
Сұлу мүсінді сәйгүліктерге мініп, қазақтың әдемі әдіптелген ұлттық киімін киген қыздар мен жігіттердің арасындағы қыз қуу жарысында талай жарыстардың жеңімпазы болған жерлестеріміз Жансерік Жампоз бен Салтанат Байқұлақова жеңімпаз атанды.
Көкпар ойынында бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан, екінші орынды Жамбыл, үшінші орынды Шығыс Қазақстан облыстарының командалары иеленді.

Баймаханбет АХМЕТ
Ahmet-ak-jol @mail.ru

google.com bobrdobr.ru del.icio.us technorati.com linkstore.ru news2.ru rumarkz.ru memori.ru moemesto.ru
Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress