Ер салдың ертелетіп Қаракерге…

Маралтайға

Қара жол қапталдасып қара өлеңге,
Ер салдың ертелетіп Қаракерге.
Қызық жоқ бұл жалғанда саналы ерге –
Жар салдың: ақынмын – деп бар әлемге.

Жыр едің,
әлімсақтан ән-күй едің,
Қажаған қайырласа зар тиегін.
Қаратау қатпарына нар шөктірген –
Қамшысы Қарабура әулиенің.

Тұратын тағдырынан тасаланбай,
Сен кейде Доспанбеттей,
Қашағандай.
Жүреді ағалары бас қатырып –
Маң мінез Маралтайды жасай алмай.

Сарысудың сары даласы сағынғаны,
Дүлдүлі дүбір тілер бабындағы…
Шора,
Есет батырлардың найзасының
Өлеңің өрнек шығар сабындағы.

Шабытың жаратқанның нұрлы құсы,
Сен кейде жынды кісі,
мұңды кісі…
Ықылас қобызының қыл ішегі –
Сүгірдің күйлерінің бір дыбысы.

Біздерге әй, Маралтай,
Сен ең ерген,
Мен сені көрем төрден,
көрем өрден.
Үркердей үркіп көшкен әз Таманың –
Тамыры қалған жерде өлең өнген.

Тараз жұрт, таразысы дара таңба,
Жүйрігін Аламанға жаратар ма?
Қастерлеп қара өлеңді қара жолда –
Керуен көшіп келеді Қаратауға…

google.com bobrdobr.ru del.icio.us technorati.com linkstore.ru news2.ru rumarkz.ru memori.ru moemesto.ru
Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress