«Мейірімнің» мерейі өссін

Мен Жуалы ауданы Т. Дүйсебайұлы ауылының тұрғынымын. Жаңа жылдың алғашқы аптасында қатты ауырып Жуалы аудандық ауруханасына ес-түссіз қалпымда түстім. Медбикелер жақсы көмек берді, бірақ, қатты реніште болдым. Себебі, мені ауруханаға жатқызбай, үйге қайтарды. Неге деп сұрағанымда «портал жоқ, сондықтан, қабылдамайды. Ертең таңертең келіңіз, тексеруден өтіп, кезегіңіз келгенде жатасыз», деп шығарып салды. Ауырған үстіне ауырып, басым салбырап, аяқты әрең басып, аудан орталығындағы ағайындардың есігін қағып, таңның атуын күттім. Көп ойланып, ертеңіне «қала қайдасың», деп Таразға тарттым. 3-4 аурухананың есігін аштым, әрең дегенде теңгесі қымбат болса да «Мейірім» медициналық орталығына кешкі сағат алты жарымда кірдім. Мейірім десе, дегендей, тез тексеруге алды. Қу ақшаны ойлайсың, қалтаңа қарайсың, өзіңе қарайсың, әйтеуір, ертеңіне таңғы 9-10 сағат арасында 8-ші палатаға жатқызды. Кілең жастар, бірінен-бірі асқан әдемі де, сыпайы, сөз саптауы, тіл табысуы, мейірімділіктері, келе жатсаң жол беріп құрмет көрсетулері ауруыңнан айығуыңа қатты әсер етеді.
Барлық жағдайыңды жасап, дәрі-дәрмектерді уақтылы беріп тұрады. «Мейірім» орталығының меңгерушісі жатқан науқастарға келгендегі сәлемдесуі мен қал-жағдайыңды сұрағаны ауру екеніңді ұмыттырып жібергендей.
Қаржы жағы қинамаса, бар адамға түк те емес, ал жоқ адамға ауырлау. Менің айтарым, ақшаң болса, денсаулығың сыр бере бастаса, шаршамай, әр есікті қақпай, «Мейірім» орталығына барсаң, барлығын ұмытасың.
Қазір аурудың түрі көбейген. Ауру да той сияқты түрі көп. Ұзақ өмір сүргің келсе, тойды азайтып, бір сәт денсаулыққа да мән беріп, жылына бір рет ем қабылдау керек екенін ұқтым.

Райхан Бесбай,
№28 Амангелді атындағы
орта мектептің педагог-психологы.

Жуалы ауданы.

google.com bobrdobr.ru del.icio.us technorati.com linkstore.ru news2.ru rumarkz.ru memori.ru moemesto.ru
Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress