«Тараз-2» деп аталса…
Тараз қаласына келіп өмір сүріп жатқаныма елу жылдың жүзі болып қалыпты. Алғашқы кездерде орталықта, кейін мөлтек ауданда тұрдым. Сол кездері «За линийде» тұрамын дегенде, бізге ол ауыл сияқты көрінетін. Енді міне, жарты жыл бұрын осы жақтағы Аппаев көшесінен үй сатып алдым. Автобус аялдамасы «Рабочий магазин» деп аталады. Егерде осы аялдаманы «Жалаңбас батыр» деп атаса қисынды болар еді.
Ертеде бұл жерді «Қараой» деп атайтын. Қазір ол туралы ешкім айтпайды. Бұл жаққа №55, 37, 15,34 бағыттағы автобустар қатынауда. Орталық базарға баратын №10 бағыттағы автобус тоқтатылды, не себепті екенін біле алмадық. Бізге бұл біршама қиындық туғызып тұр.
Тараз қаласында халық саны үш жүз қырық мыңнан асып жығылса, оның үштен бірі осы «За линийде» тұрады. Менің ұсынысым: «За –линий» дегеннің орнына «Тараз-2» деген атау берілсе. Барлық қоғамдық тасымалдау көліктеріне «Тараз-2» деп жазса. Осы ұсынысымды қала әкімі және мәслихат депутаттары қолдайды деп сенемін.
Жақсылық Досаев.
Тараз қаласы.
Добавить комментарий
Для отправки комментария вы должны авторизоваться.