Ұсақ-түйек көріп, уақыт өткізіп жүреміз

Мемлекетіміздің экономикалық жағдайы жақсарған сайын ауыл ажары да өзгеріп келеді. Көшелер жөнделіп, жолдар салына бастады. Аудан әкімі тарапынан көгеріштендіру, көріктендіру, санитарлық тазалық айларында тал көшеттерін отырғызу мен гүлзарлар жасауға мол қаржы бөлініп, ол ауыл адамдарының көмегімен уақытысында игеріліп келеді. Мектептер мен мәдениет үйлері, мемлекеттік мекемелер ғимараттарын ағымдағы және күрделі жөндеуге де қаржы бөлініп жатыр. Шаруасын нығайтамын дейтін азаматтар мемлекеттік банк тарапынан несиелік көмек алуда.
Ауылымызда мал басы жыл өткен сайын өсіп келеді. Солай бола тұра ауыл әкімінің қадағалауымен жүзеге асатын, ұсақ-түйек деп қарауға жатпайтын өзекті мәселелер де бар. Мысалы, біздің ауылда жеке кәсіппен айналысамын деген азаматтар табылады. Алайда, жеке цех ашуға келгенде, ауылда үш фазалы электр желісінің жоқтығы қолбайлау болып отыр. Енді электр жарығы туралы. Көше жарығы жоқ болғандықтан кешқұрым көшеде жүру қиын. Өткен жылы Жарма каналы техникалық тазалықтан өтті. Арнасы кеңіген соң, жайылымдыққа шығатын мал ауыл сыртына шыға алмай қалды. Менің ойымша, барлық шаруаны дер кезінде атқар­ған дұрыс. Болмаса, тез арада ұмыт болып, ешқашан жүзеге аспауы да мүмкін ғой.

Б. ӘБДУӘЛИЕВ,
Әбілда ауылының тұрғыны.

Сарысу ауданы.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress