Біртұтастық бағыты – Елбасы айтқан елдікте!

432456

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы ұлттар татулығын ұйыта түсті

Еліміз төл тәуелсіздігінің жиырма екі жылы ішінде елеулі табыстарға қол жеткізді. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау еңсеріліп, дамудың даңғыл жолына қадам бастық. Ортақ Отанымыз Батыс пен Шығыс арасындағы алтын көпірге, әлемнің алпауыт мемлекеттерінің басшылары бір мәмілеге келетін бейбітшілік бесігіне айналды. Жас еліміздің халықаралық қауымдастық алдындағы абыройы асқақтады. Мұның бәрі де мемлекетімізде қалыптасқан ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімнің жарқын жемісі, осынау құндылықты өмір өзегіне айналдырған Елбасының айқын жеңісі. «Бірлігі бар ел озады» деген осы. Күні кеше Астана қаласында «Қазақстан-2050» Cтратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында татулықтың тамыры тереңге бойлап, бейбітшілік байрағы тағы да биіктей түсті. Ұлттарды ұйыстырған ұлы бақыттың ұлағаты бұл!

Сессияға қатысып, сөз сөйлеген Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев әлем күрделі жағдайды басынан өткеріп жатқан бүгінгі заманда ұлтаралық татулық пен толеранттылық қана елдегі тұрақтылық пен дамудың мызғымас кепілі екенін мықтап қаперге салды. Президент, сонымен қатар, біздің жұрт ешқашан дара этникалық немесе дара мәдениетті болып көрмегенін айтты. Сондықтан 130-дан астам ұлт пен ұлысты айрандай ұйытқан бірлігімізге әлем қызыға да, қызғана да қарайтынын, тіпті, мұндайға мұқтаж екенін жеткізді. Ендеше бес саусақтай жұмылып, өзгеге үлгі танытуға талпыну ләзім. Керек десеңіз, әлемде жойылып кетуге жақын тұрған ұлттар да бар, тіпті 25-ке жуық жазба тілі жоғалып та үлгерген. Елбасы бұл ретте тағы да қазақ тілінің мәртебесін түсірмей, оны ұлттардың басын қосатын факторға айналдыра білу қажеттігін ескертті. Тіл бар жерде ұлт бар, ұлт бар жерде мәдениет бар. Қазақ тілі бәріміздің басымызды қосатын тілге айналуы тиіс, деді Президент.
Сессия барысында Мемлекет басшысы өткен жиырма жыл жүзінде елдегі ұлтаралық татулықты дамытуға қосқан үлесі үшін Ассамблеяның бірқатар мүшесіне «Алтын бірлік» төсбелгісін тақты. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы бекітіліп, төрағаның жаңадан екі орынбасары сайланды. Алқалы басқосуға облысымыздан өңір басшысы Қанат Бозымбаев бастаған 19 делегат қатысты. Біз Астана сапарынан оралған делегаттардың бірқатарымен жүздесіп, сессиядан алған әсерлерімен бөлістік.
Махмутжон Давришев, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы:
— Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХ сессиясының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық — бір ел — бір тағдыр» деп аталуында үлкен мән жатыр. Себебі, «Бірлік болмай тірлік болмайды». Кез келген елдің дамуы алдымен татулықтың, онан соң тұрақтылықтың арқасында екені дәлелденген қағида. Ендеше, оны көздің қарашығындай сақтай білу — әрбіріміздің құнды парызымыз. Сондықтан да біз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», Отанымыздың гүлденіп, көркеюі үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.
Бахром Муминов, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы:
— Мерейтойлық сессияның салмағы үлкен, тағылымы мол болды. Шын мәнінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өзі құрылған 18 жыл ішінде осындай ықпалды құрылымға айналғанын айрықша атап өту керек. Бұл, сөз жоқ, Елбасымыздың көрегендігі мен кемеңгерлігінің арқасында мүмкін болды. Ұлт көшбасшысының сессия барысында ел-жұртпен емен-жарқын пікірлесіп, етене ой бөлісуі де биік парасаттылықтың үлгісі. Бүгінде Мәжілісте Ассамблеядан сайланған 9 депутат бар. Мемлекет басшысы бұл бірегей институттың ықпалын әлі де арттырып, ұлтты ұйыстырудағы қызметін жетілдіруді тапсырды. Сондай-ақ, аймақтардағы «Достық үйлерінің» санын көбейтіп, оның құқықтық мәртебесін белгілеуді жүктеді. Ассамблеяны дамытудың өңірлік құжатын түзу жөнінде де міндет қойды. Мұның бәрі де ынтымақ-бірлігіміздің іргесін нығайтудағы игі қадамдар. Бірлігі бекем елдің алмайтын қамалы, бағындырмайтын биігі болмайды. Жас мемлекетіміздің алар асулары әлі алда. Оған бәріміз де лайықты үлесімізді қосатын боламыз. Төрт құбыламызды түгендеп сөйлесек, біздің тұтастығымыз Елбасы айтқан елдікте!

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ
т[email protected]

google.com bobrdobr.ru del.icio.us technorati.com linkstore.ru news2.ru rumarkz.ru memori.ru moemesto.ru
Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress