Пікір алмасу алаңы

5345

Астана қаласында ХІ Еуразиялық медиа форум өз жұмысын бастады. Айту керек, өзінің он бір жылдық тарихында Еуразия медиа форумы саясаткерлер мен сарапшылардың, журналистер қауымының пікір алмасу алаңына айналды.

Бұрнағы жылдарға қарағанда, биыл форум делегат-тарының да қатары қалың. Төрткүл дүниенің 46 елінен 600 делегат халықаралық деңгейдегі үлкен басқосу алаңына жиылды. Талқыланып жатқан тақырыптар да ауқымдылығымен қатар сан алуандылығымен ерекшеленеді. Мысалы, қазір Ауғанстандағы соғыстың аяқталуы, Таяу Шығыс елдеріндегі төңкерістер, ЕХРО-2017, «жасыл» экономиканың жақсылықтары, дағдарыстан есеңгіреген Еуропа, Кипр «синдромы», ақпараттық қауіпсіздік, әлеуметтік желілердің ғаламдағы саяси ахуалға ықпалы, ХХІ ғасырдағы медианың бағыты сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқылануда.
Форумның ашылу рәсімінде сөйлеген Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстанның масс-медианы дамыту перспективаларын қоғамдағы бірлікті нығайту, елдің ілгерілету жолына сеніммен қадам басуын қамтамасыз ету көзқарасы тұрғысынан қарастыратынына тоқталды.
— «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы — аса маңызды құжат. Мұнда қазақстандық медиа кеңістікті жаңғырту жолы ауқымды түрде қамтылып, ХХІ ғасырдағы қоғамымыздың бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал ететін тетіктері көрсетілген. Жалпы айтқанда, медианың өрісі — жаңа бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуына әсерін тигізді. Мен мұны «бұқаралық инновация құралдары» деп атар едім, деді Елбасы.

«Ақ жол»-ақпарат.

google.com bobrdobr.ru del.icio.us technorati.com linkstore.ru news2.ru rumarkz.ru memori.ru moemesto.ru
Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress