Даниялық делегациямен пікір алмасты

45356

Гендерлік саясат, әйелдер мәселелері, еңбек қатынасындағы ерекшеліктер және тағы басқа тәжірибелермен алмасу, өзара пікір алмасу мақсатында Дания мемлекетінің белсенді әйелдері-кәсіподақ өкілдері делегациясы облысымызға келіп, кездесу өткізді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы Кәрім Көкірекбаевтың басшылығымен өңіріміздің саясаткер, белсенді әйелдері қатысқан жиында даниялық белсенді әйелдер өз мемлекеттерінде отбасы-демографиялық саясат саласы, кәсіподақтың әлеуеті туралы әңгімелеп берді.
К. Көкірекбаев «Қазақстан Республикасында әйелдерді саяси және экономикалық ілгерілету туралы» баяндама жасаған соң, делегацияның облысқа келгендегі мақсатын үйлестіруші Алма Бектұрғанова Андерсен айтып берді. Алма Бектұрғанова Қазақстанда туып-өсіп, он шақты жылдан бері Данияда тұрып, жұмыс істеп жатқан белсенді әйелдің бірі.
Ал, Даниядағы әйелдердің өмірі туралы делегация жетекшісі, кәсіподақ хатшылығының жауапты қызметкері Сусанна Енсен әңгімеледі.
— Данияда ер азаматтардың орташа өмір сүру жасы 79, ал, әйелдерде 85-ті құрайды. Бала саны әрбір отбасыға шаққанда 1,4-ті құрайды. Әйелдер қырық пен отыз жастың арасында бала сүюді қалайды. Бүгінде ер азаматтармен салыстырғанда әйелдердің көп бөлігі жоғары білімді болып келеді. Сондай-ақ, Данияда әрбір әйел жұмыс істейді. Бірақ, білім деңгейіне қарамастан, әйелдер ерлермен салыстырғанда орташа есеппен он сегіз пайызға төмен жалақы алады. Біз бүгінде осы тепе-теңдікті орнату үшін жұмыс жасаудамыз. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер теңдей жаста зейнетке шығады. Әйелдер зейнетақы жинақтаушы қорларында қаражаттың кем болмауы үшін аянбай еңбек етуге кіріскен. Сіздердің елдегі бір артықшылық, бала туылғанда оның күтіміне байланысты ұзақ уақыт демалыс беріледі екен. Ал, Данияда балалы болған жағдайда ер азаматтарға екі апта, ал, әйелдерге қырық апта ғана уақыт демалыс береді, — деп ағынан жарылды Сусанна ханым.
Бала туу көрсеткіші төмен болуының себебін сұраған Кәрім Нәсбекұлына С. Енсен оның басты себебі әйелдердің кәсіби өсу жолына түскендігімен және баланың күтіміне байланысты шығыннан қиналатын жағдайлармен түсіндірді. «Бұл екі-үш жыл бұрынғы статистикалық көрсеткіш. Қазір жағдай басқаша. Әрбір отбасы екі баладан кем болмауын қалайды», деп біршама түзету енгізді Алма Бектұрғанова.
Ал, қазақстандық қыз-келіншектердің жарқын бастамалары, жасап жатқан игі істері мен Іскер әйелдердің қарышты қадамдары жайлы облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлдара Нұрымова баяндады. Өзара пікір алмасудан кейін келген қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Маржан РАҚАЙ
[email protected]

google.com bobrdobr.ru del.icio.us technorati.com linkstore.ru news2.ru rumarkz.ru memori.ru moemesto.ru
Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress