Береке бейнетпен келеді

23455

Қазақтың «Сәуір болмай, тәуір болмас» дейтін айы да өтіп барады. Бұл — табиғат-ана көкке малынып, масатыдай құлпыратын мезгіл. Алайда, биылғыдай кеш шыққан көктемнен дала төсі тықыр, ызғары әлі де қайта қоймаған желден жер бәлендей көктей қоймаған. Белін әлі шешпеген шаруа алдағы мамыражай мамырдан үмітті. Күн көзі қызса, жауын-шашыны мол болған бұл көктемде мал ауыл көкке толар деседі.
Малшы жыл бойғы тынымсыз адал бейнетінің жемісін көрер кез осы. Мойынқұмның бұйрат-бұйрат құм жалдары жиегіндегі Ақтана қыстауында қой қоздатып жатқан «Үркер» шаруа қожалығында қарбалас. Қожалықтың бағымындағы 2500 саулықтың 2200-і төлдеп, жеті отарға бөлінген сақпанда екі мыңнан аса қозы ерді. Енді бірер күнде қалғаны төлдеп, әр қойға қозы ілеспек. Малшы бейнетінің ақталғанына қуанса, қожалық иесі Бәкір Исабеков қора толы қозыға мәз.
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын өсіріп отырған қожалықта келер жылы қоздайтын тағы бір отар бар. Ол — өткен жылы байзақтық «Бапыш Сейсенбай» шаруашылығынан сатып алынған 300 бас ұрғашы тоқты отары. Үркерліктер бұл үшін мемлекеттен екі миллион теңге субсидия алды. Тірлігін ұқсатып отырған малшыларға Бәкір разы. Қыстау басындағы қойлы ауылдың қонысы жайлы, қора-қопсысы сайлы. Отын-суы түгел. Ас-ауқаттан кенде емес. Тек, тірлік етіп, табыс табу керек. Малшының көңілі жай болса, еңбектің жанатынын Бәкір біледі.
Қарбалас тірлікке толы қой төлдету науқаны сәл саябырсыған тұста Бәкең малшылардың басын қосып, қыстау басына дастарқан жайды. Ондағы ойы бейнеттен шаршаңқыраған еңбеккеш адамдарды демеп, ынталандыру. Алуан түрлі жеміс-жидек, тәтті сусындарға толы дастарқанға жайғасқан бала-шағаның қуанышын көрсеңіз. Жүздерін жел қақтаған малшылардың жайдары жүздерінен еңбек рәтін сезінесіз. Зады, еңбек адамды ажарландырады деген рас. Қожалықтың 15 малшысына түкті кілем, тұрмыстық бұйымдар, қаржылай сыйлық үлестірілді. Қажыр-қайратын аямайтын Ермахан Әділбеков, Серік Омаров сынды аға шопандардың еңбегі айрықша аталып өтілді. Ортақ іске үлес қосқан малшылар ақжарма тілектерін білдіріп жатты.
Иә, малшы еңбегін елеген қожалықта береке бар екен.

Мойынқұм ауданы.

Әділбек Жүніс
[email protected]

google.com bobrdobr.ru del.icio.us technorati.com linkstore.ru news2.ru rumarkz.ru memori.ru moemesto.ru
Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress