Көтерілген мәселе шешімін таппақ
Облыстық «Ақ жол» газетінің 2013 жылғы 30 наурыздағы санында жарық көрген А. Оңалбаевтың «Ұсынысым бар…» айдарымен берілген «Шалғай қыстауларға малшылар штабы керек» атты мақаласына сәйкес, мына жауап-хатты жолдаймын.
Аудан тұрғыны, зейнеткер А. Оңалбаевтың жоғарыда аталған мақаласы өте орынды жазылған. Бірақ, бүгінгі күні жайылымның жеке шаруашылықтардың иелігінде болуы көп мәселені орындауға мүмкіндік бермей келеді. Жайылым жерлерді қолдану тиімділігін арттырудың басты бағыттарының бірі – сол жердің инфрақұрылымын дамыту. Ауданда мал басының қарқынды өсуіне байланысты, ауыл іргесіндегі мал үшін қыста төменгі құмдағы қыстауларды, жазда таудағы жайылымдарды пайдалану керектігі түсіндіріліп, ауыл округтерімен бірлесе бұл тірлік қолға алынуда.
Мақала авторымен сұхбаттаса отырып, «Үмбет» құм жайылымына «Бизнестің жол қартасы – 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым салу қажеттігі түсіндірілді. Бағдарлама негізінде құжаттамалар жинақталса, біз өз тарапымыздан көмек көрсететіндігіміз туралы айтылды. А.Оңалбаевтың көтеріп отырған ұсынысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Агробизнес-2020» бағдарламасындағы талаптарға сай келіп тұр.
Осы бағдарламалар шеңберінде «Үмбет» жайылымын және шалғай жайылымдарды алдағы уақытта тиімді пайдалануды арттыру бағытында іс-шаралар жасалып, осы тұрғыда жұмыстар жүргізілуде.
Дәулет Қазақбаев,
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі кәсіпкерлік
және ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы.
Добавить комментарий
Для отправки комментария вы должны авторизоваться.