Әңгіменің өзегі – Елбасының еңбегі

Бүгінде әлеуметтік жаңғыртудың жаһандық тренді ретінде бағаланып отырған, баршамызды ел игілігі жолындағы шешуші ұлттық фактор – еңбекке шақырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы жер-жерде қызу талқылануда.
Тараз қалалық мәдениет үйінде Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің ұйымдастыруымен «Жалпыға ортақ қазақстандық еңбек қоғамы: әлеуметтік-педагогикалық, экономикалық, инновациялық және құқықтық аспектілері» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция осы мәселелерге арналды. Оған Ресей, Түркия, Қырғызстан секілді шет мемлекеттердің, еліміздің мемлекеттік жоғары оқу орындарының, сондай-ақ, аталған университеттің оқытушы, ғалымдары қатысты. Іс-шараны университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, профессор Сәмен Құлбарақов ашып, жүргізіп отырды.
Университет ректоры Жомарт Қошқаров Елбасының жоғарыда аталған бағдарламалық мақаласында отандық ғылымның жетекшілік рөлі атап көрсетілгеніне, бүгінде саланың қаржыландырылуы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп отырғанына тоқталып, бұл тұрғыда сала қызметкерлерінің қайтарыммен еңбек етуі қажеттігін де атап өтті. Осымен байланысты ғылым қызметкерлері күнімен тұспа-тұс өткізіліп отырған басқосуға қатысушыларды төл мерекелерімен құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Пленарлық мәжілісте ғалымдар Зефер Сенгин (Түркия), Жұлдыз Шағырова (Алматыдағы С. Демирель университетінен), Гүлсін Әсілова (Қырғыз мемлекеттік университетінен), Расылхан Жүншеев, Хамит Әубәкіров (Жамбыл гуманитарлық университетінен) «Қазақстан-2050» Стратегиясының философиялық аспектілері, елімізде құқықтық мемлекет қалыптастырудың, жастарға өз білімдерін ұдайы жетілдіріп отыруға бағыт-бағдар берудің, ақпараттық-инновациялық технологияларды тиімді пайдаланудың, оқу қызметінде жастардың азаматтық мәдениетін қалыптастырудың, жас ұрпақты экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеудің өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасады.
Отандық ғалымдар мен оқытушылардың ұлттық экономиканы дамыту жолдары бағытында жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстарына көмек көрсетілуіне ықпал ету мақсатын көздеген конференцияның материалдары бойынша университет үш томдық жинақ шығармақ. Оның алғашқы томы оқырмандар қолына тиіп те үлгеріпті.
Қай жерде де ғылым жетекші салаға айналуға тиіс. Ғалым-оқытушылар тоқтамы осы болды. Конференция жұмысы одан әрі секциялық мәжілістерде жалғасын тапты.

Баймаханбет АХМЕТ
Ahmet-ak-jol @mail.ru

google.com bobrdobr.ru del.icio.us technorati.com linkstore.ru news2.ru rumarkz.ru memori.ru moemesto.ru
Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress