Жамбылдық жас ғалымдардың жетістігі

Білімді ұрпақ – ел ертеңі. Қазіргі заман жастары терең білім – жарқын болашақтың кепілі екенін ерте түсінгендей. Олардың оқуға, білуге деген құштарлығына қарап, сүйсінесің. Сондай жас ізденушілердің бір шоғыры жуырда Байқоңыр қаласында өткен ІХ халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғылыми жобалар жарысынан үлкен жетістікпен оралды.

В. Челомея атындағы халықаралық космос мектебінің базасында өткен айтулы додаға облысымыздан 16 оқушы қатысты. Соның тоғызы жақсы нәтижеге қол жеткізіп, екі алтын, жеті күміс медальды жеңіп алды. Қос алтын жүлдені еншілегендер – Тараз қаласындағы №8 гимназиямен №31 орта мектептің оқушылары. Облыстық «Дарын» мектеп-интернатының үш шәкірті, қаладағы №21 және № 31, Қордай ауданындағы №4 орта мектептің оқушылары екінші орыннан көрінді.
Жалпы, ғылыми жоба жарыстарының артықшылығы – жарысқа қатысушылар мен жүлдегерлердің ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылатындығында. Ал, жеңімпаздарға оқу гранттары табыс етіледі. Былтыр отыз алты жамбылдық жас дарын халықаралық додалар мен олимпиадаларда жүлдегер атанып, осындай мүмкіндіктерге ие болған-ды.

Камила Борашова,
журналист.

google.com bobrdobr.ru del.icio.us technorati.com linkstore.ru news2.ru rumarkz.ru memori.ru moemesto.ru
Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress