Астанада «Қазақстан – ғарыш айлағы» көрмесі ашылды

9 сәуір күні «Назарбаев орталығы» ММ-де «Қазақстан – ғарыш айлағы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның мақсаты: халқымыз бен мемлекетіміздің игілігі жолындағы отандық ғарыш саласының дамуындағы сәтті де жемісті жұмыстарды көрсету.

1961 жылы 12 сәуірде адамзат баласы ежелден келе жатқан арманын тұңғыш рет жүзеге асырды – жердің тартылыс күшін жеңіп, жерді ғарыштан бақылауға мүмкіндік алды. «Восток» ғарыш кемесімен «Байқоңыр» ғарыш алаңынан Юрий Гагариннің көкке самғауы өркениеттің дамуындағы жаңа дәуірді ашты. Жер шарын айналған орбиталық ұшу – көрнекті кеңестік конструкторлардың таланты мен ғарышкерлердің батылдығының арқасында іске асқан алғашқы ғарышқа бастаған қадам болған еді.
Ғарышты бағындыруда Қазақстан тарихтан лайықты орын алады. 2013 жылы 2 қазанда ғарыш кеңістігінде болған тұңғыш қазақ – еңбек сіңірген сынақшы-ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіровтің ерлігіне 23 жыл толады.
«Қазақстан – ғарыш айлағы» көрмесіне Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары «Назарбаев орталығы» ММ-не сыйға берілген ғарышқа ұшуға қатысты, ғарышкерлерге байланысты материалдар, фотосуреттер, ғарышкерлердің қолтаңбасы қойылған портреттері, төссбелгілері, маркалар, кәдесыйлар келушілердің назарына ұсынылды. Тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесі де адамзаттың ғарышты игеру тарихын жан-жақты таныстырып, толықтырып тұрды. Көрменің ашылуына ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев, дипломатиялық миссиялардың, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдері қатысуда. «Қазақстан – ғарыш айлағы» көрмесі өз жұмысын 14 сәуірге дейін жалғастырады.
* * *
2013 жылы 10-11 сәуірде «Rixos President Astana» қонақ үйінің «Жерұйық» конференц-залында бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) жерсерігін ұшыруға арналған халықаралық семинар өтеді.

Семинарды ұйымдастырушылар –Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі, EADS Astrium француз компаниясының қолдауымен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы. Халықаралық форумның негізгі міндеті –бірінші отандық Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) тұсаукесері, ЖҚЗ, геоақпараттық жүйелер, геодезия, картография және Қазақстандағы жерсеріктік навигация саласындағы озат жүйелермен және технологиялық шешімдермен танысу. Бірінші қазақстандық ЖҚЗ (айыру қабілеті орта) жерсерігін ұшыру Ресейдегі «Ясный» ғарыш алаңынан 2013 жылдың 4-тоқсанына жоспарланып отыр. Екінші ЖҚЗ (айыру қабілеті жоғары) жерсерігін ұшыру 2014 жылы Куру француз ғарыш алаңынан ұшыру жоспарланып отыр.
«Қазақстандағы ғарыш күндері» семинарына қатысу үшін Қазақстаннан, Франциядан, Ресей-ден, Украинадан, Германиядан, Англиядан, Испаниядан, Жапониядан, Моңғолиядан, Түркиядан, Сербиядан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Тәжікстаннан екі жүз елуден астам маман өтінім берді. Халықаралық семинардың бірінші күні EADS Astrium француз ұйымдастырушылары дайындаған «Қазақстан ғарыштан» бірегей фотосурет көрмесінің ашылуымен басталады.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress