Сыбайластар «сыбағасын» алды

Асаған деген осы екен деп айылын жия алмай қалатын, ақыр соңында темір тордың ар жағынан бір-ақ шығып жататын жемқорлар жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында аз жазылып жүрген жоқ. Ал, енді кейбір мемлекеттік қызметкерлер сауатсыздықтың салдарынан жауапқа тартылып жатады. Қайткен күнде де заң – ортақ, талап – біреу: сыбайластыққа жол бергендер жазасыз қалмайды.
Сейсенбі күні өткен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыстағы Тәртіптік кеңесінде облыстық және Т. Рысқұлов, Байзақ, Талас, Қордай, Шу ауданара­лық прокуратураларының ұсыныстарымен сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық­бұзушылыққа жол берген мемлекеттік және әкімшілік қызметкерлердің мәселелері қаралды.
Тәртіптік кеңес күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылай келе, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның талаптарын бұзып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа барғаны үшін облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім бастығы Базарбай Юрчиевке Қордай ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Аюп Имаровқа қатаң сөгіс, Қаратау қаласындағы «Үміт» арнайы мектеп-интернатының директоры Гүлзира Тойшыманова, Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің бастығы Зәуре Дүзенова, Т. Рысқұлов ауданы, Қорағаты ауылдық округінің бас маманы-мал дәрігері Шалқарбек Алтынбекұлына, Қордай ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Минаш Қарашигенова, облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Рахманқұл Байтелиев, оның орынбасарлары Әділет Ахатаев, Ербол Жұмалиев, басқарманың бөлім бастықтары Жандәулет Кенжебеков, Рахман Аққозиев, Дания Еділ, Азамат Саятов, бас мамандар Кеулімқос Шералиев, Сайдулла Серікбаев, Нұрлан Серікбаевқа қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза беру жайында тиісті орындарға ұсыныс жасау жөнінде шешім қабылдады.
Тәртіптік кеңес отырысында сонымен қатар облыс әкімдігі ішкі саясат және денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары Рахия Тұрмағанбетованың, Салтанат Омарбекованың, облыс бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры Айдос Хамиевтің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының орындалуы туралы есептері тыңдалып, назарға алынды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress