Бірлесе атқарған жұмыс баянды

Қоғамда тамырланып кеткен сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу жеңіл іс болмай тұр. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» ауыздықтамаса, жегі құртың желігіп, етек жая түсер жайы бар. Бұл бағытта қолға алынып жатқан шаралар да аз емес.Өткен бейсенбіде, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының облыстық филиалы мен облыстық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Мақсат – жемқорлықтың алдын алу.
Меморандум бес баптан тұрады. Бірінші баптың екінші бөлігінде көрсетілгендей, бұдан былай екі тарап жемқорлыққа қарсы бағытталған кең түрдегі шараларды бірлесе өткізетін болады. Мәселен, тұрғындардан өтініш түскен жағдайда партия мүшесі ЗТМО бөлімшесіне барып, «қоғамдық бақылаушы» ретінде қатысады, деп көрсетілген осы баптың үшінші бөлімінде. Сонымен қатар, меморандумға сәйкес атқарылған жұмыстар жайы тұрғындар мен мемлекеттік мекемелерге хабарланып отырады.
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Берік пен ЗТМО директоры Н. Төртбаев қол қойған екі жақты меморандум күшіне енді. Енді екі тарап жемқорлыққа тізе қоса соққы бермек.

Жандос ОМАРОВ,
журналист.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.

Добавить комментарий

empire games
темы wordpress