Мәдениет

Ел-жұртты есті музыка тәрбиелейді

5674

«Көктем» аталатын Тараз классикалық өнер фестивалінің өтуімен байланысты «Баласағұн» орталық концерт залы бір-ақ сәтте өз-өзінен сан алуан сиқырлы-сырлы, сыңғырлаған дауыстардың «мұражай – көрмесіне» айналып шыға келді. Көрермен қауымның бір сәттік қана мәні бар, есте қалып та жарытпайтын арзан әзіл, «жылтырағы» көп, ойнақы әуендерден тұратын эстрадалық концерттерден жалығыңқырағанын, есесіне адам жанында сағыныш, мұң, арман аралас терең тебіреністер, бұлқынысты ойлар туындататын байыпты музыкаға сусап-ақ қалғанын байқадық.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Достық керуені – Жамбыл жерінде

5453

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы қарсаңында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» деген атаумен достық керуені өңірлерге аттанған болатын. Құрамында этномәдени орталықтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер, өнерпаздар мен ақсақалдар бар топ әуелі Қызылорда, сонан соң Оңтүстік Қазақстан облыстарын аралап, Әулиеата өңіріне атбасын бұрды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Таразды тамылжытып, тамсандырған өнер

4917

Биылғы жыл айтулы мәдени оқиғаларымен облыс жұртшылығының, оның ішінде тараздықтардың ұмытылмастай болып жадына жазылып қалары анық. Жыр алыбы Жамбылдың туған күніне орай ұйымдастырылған республикалық ақындар айтысы жыл құсы қанатына ілесе көктем лебін алып жетті. Тараздықтар өздеріне көктемнің өзіндей көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, облыс былай тұрсын, еліміз бойынша тұңғыш рет Тараз төрінде дүбірлеп өткен сән-салтанаттың әсерінен айыға алмай жүргендерінде, ежелгі һәм үрдей жаңа шаһарымызда тағы бір танымдық-тағылымдық мәні зор іс-шара – халықаралық деңгейдегі «Көктем» атты Тараз классикалық өнер фестивалі туын желбіретті. Осылайша, «Көктем» Тараздан басталды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

«Таблиғи жамағат» – елге жат ағым» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылардың ҮНДЕУІ

2013 жылдың 29 наурызында Қордай ауылында Жамбыл облысының әкімдігі мен ҚР Дін істері агенттігі ұйымдастырған «Таблиғи жамағат – елге жат ағым» республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Оған Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және тиісті органдарының, ғылыми қауымдастықтың,

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Дүйім жұртты күттіріп қоятын үйлену тойлары

Бұл күнде тойдың түрі көп. Әсіресе, жаз айы басталысымен, күн құрғатпай той өткізетін мейрамханалардың дәурені жүреді. Жақсы-ақ. Енді осы тойлардың қалай өтетіндігі жайлы сан алуан пікір бар. Көпшіліктің сөз ететіні осы тойлардың тым кеш басталып, тойдан шаршап қайтатындығы болса керек.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Осы біздікі не қылған ләббай?

Халқымыздың бойында жақсы қасиеттер баршылық. Алайда, алға қадам аттауға мүмкіндік бермейтін, кежегемізді кері тартып тұратын жаман әдеттеріміз де жоқ емес. Солардың бірі – жайбарақаттық, уақытпен санаспау. Соның салдарынан үнемі кешігіп жүру бойымызға сіңіп кетті. Жұмысқа, оқуға, тіпті, тойға да кешігетініміз бар. Ол әдетімізге арланып, бой түзеудің орнына, өзіміздің ұлттық ерекшелігіміз секілді қалжыңға қосып, бөсіп отыратынымыз тағы бар. Тіпті, той иелерінің өздері мейрамханаға кешігіп келетініне не дерсіз? Әу баста кешігіп басталған шара әбден созылатыны белгілі. Ертесіне елдің жұмысқа уақтылы жете алмай жататыны сондықтан. Ал, жұмыс күндері сағат алтыға тойға шақырған адамдарға не дерсің?! Үйлеріне қонақ шақырса, барлығының жиналғанын күтіп отыратын да осы қазақ. Уақытында келген адам неге кешігіп жүретіндерді күтуі керек. Сонда осы біздікі анаған да мынаған да, не қылған ләббай!

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Көктен нұр жауған көктем мерекесі

Жер-ананың тоң кеудесі жібіген, Самарқанның көк тасы еритін, аспан денелері ең бастапқы нүктелерінде тоғысып, күн мен түн теңелетін Ұлыс күні – нағыз табиғат мерекесі. Дәстүр жалғастығын сақтаған мейірімділік пен ізгіліктің тамыршысы.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Ауызбіршілікпен асқақтаған күн

Сарысу ауданының тұрғындары да іргесі сөгілмес бірлік пен ырысы төгілмес тірліктің мерекесі Наурызды көтеріңкі көңіл күйде қарсы алып, ауызбіршілікпен атап өтті. Осы күні аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің тікелей қатысуымен көше­лерге 500-ден астам тал егілді. 

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Этномереке түрінде атап өтті

Ұлыстың Ұлы күнін «Тараз-Ғасыр» колледжі облыс Ассамблеясының орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен бірлесіп, этномереке түрінде атап өтті. Бұл шараға қатысқан түрлі ұлт өкілдерінен құралған мектеп оқушылары, колледж студенттері мен оқытушылары зор белсенділік танытты. Колледж директорының орынбасары Бауыржан Нұралы мұндағы мақсат — жастарды халқымыздың салт-дәстүрімен тереңірек таныстырып, Наурыз мерекесінің мазмұнын арттыра түсу болғандығын айтады. Көктем мезгілінің келуінен бастап салт-дәстүрге, ертегі кейіпкерлеріне байланысты қойылған түрлі сахналық көріністер кештің ажарын аша түсті. Шырқалған әуезді әндер де құлақ құрышын қандырды. Әр елдің жаңа жылды қарсы алудағы ерекшеліктері таныстырылып, соның ішінде күн мен түн теңелетін әз Наурызды қалай қарсы алу керектігі насихатталды. Наурыз мерекесіне қатысты викториналық сұрақ ретіндегі ойын да қызықты өтті.

* * *
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды отбасыларына орналастыруды насихаттау үшін облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында да Наурыз мерекесі барлық сән-салтанатымен аталып өтті. Мұндағы тәрбиеленушілерге бұл мереке жайлы мәлімет беріліп, оның қадір-қасиеті түсіндірілді. Орталық директоры Тоғжан Татаева мерекемен құттықтап, балаларға ізгі тілегін арнады. Облыстық балалардың құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы Тасболат Төлегенов пен халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Данияр Медетбеков те құттықтау лебіздерін білдіріп, балаларға мейірім сыйлап, оларды бауырына басып отырған ұжым қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді. Түрлі ұлт өкілдерінен құралған тәрбиеленушілер де өз кезегінде қарап қалмай, қазақ тілінде тақырыпқа қатысты өз өнерлерін ортаға салды.

Шынар САҒИЕВА
[email protected]

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

«Өнер алды – қызыл тіл»

атты облыстық шешендік
өнер байқауы мәреге жетті

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырып отырған тұңғыш шешендік өнер байқауы осынау киелі өнердің ел арасында ұмытылып бара жатқанын есімізге түсіріп қана қоймай, оны жастарымыздың қалай пайымдайтынына көзімізді жеткізді. Басқарма бастығы Үртай Сапақова мен байқаудың бас төрешісі Қуаныш Иембердиев атап өткендей, бұл расында да түркі халықтары ішінде тек қазақта ғана бар өнер. Әйтпеген күнде, қарға тамырлы қазаққа төбе би атанған Төле би Әлібекұлының, қаз дауысты Қазыбек бидің, Әз Әйтеке бидің ғасырлар қойнауында жатқан шешендік ділмарлығы бүгінгі ұрпаққа жетпес еді ғой.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
empire games
темы wordpress