Денсаулық

Ауру тасымалдаушы – анофелес масасы

Безгек – жедел, кей кезде созылмалы түрде жүретін паразитарлық ауру. Дерттің алғашқы белгілері – бас ауруы, қалтырау, дене қызуының аяқасты көтерілуі. Безгек ұстамасы басталардың алдында, аяқ-қол қақсап, ауыз құрғап, жалпы әлсіздік байқалады.

Безгек қоздырғыштары өте майда, оларды тек қан құрамын микроскоппен қарағанда ғана көруге болады. Ауру қоздырғышы алдымен дамып жетілетін жер – масаның денесі. Маса адамды шаққан жағдайда қан эроциттеріне безгектік паразиттер енеді. Негізінен, ауру тасымалдаушы – анофелес масасы.
Маса шағып, дерт жұқтырған адамның қаны азайып, бауыры, бүйрегі зақымданады. Сол үшін безгектің алғашқы белгілері байқалса, дәрігерге көріну керек. Уақтылы ем қабылдаса, ұстамалар бірнеше сағаттан кейін басылады.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Адам ағзаларын ауыстырып салу Жошыбаевтың клиникалық орталығы отаның аса күрделі осы түрлерін еліміздің оңтүстік өңірінде алғаш қолға алмақ

987

Жүрек ауруы жас талғамайды. Бүгінде кішкентай сәбилердің арасында да жүрек ақауымен өмірге келетіндер саны ұлғая түсуде. Бұл мамандар алдына балалар кардиохирургиясын дамыту міндетін қоюда. Осы тұрғыдан алғанда, науқастарға жоғары медициналық көмек көрсететін облыстағы «балалар кардиохирургиясының атасы» атанған Сейітхан Жошыбаевтың орталығы бұл талап-міндетті толығымен атқарып отыр десек, артық айтқандық емес.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Салғырттық сан соқтырды

MINOLTA DIGITAL CAMERA

Кене шаққан сарысулық он жеті жасар өрімдей келіншектің
өлімі басқаларға сабақ болса игі

Шын мәнінде келіншекті кене он шақты күн бұрын шаққан. Бірақ, ата-анасы оны дер кезінде дәрігерге көрсетпеген. Ауру әбден дендеген соңғы сәтте ғана аурухана көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Бірақ, уыты тұла бойға түгел тарап, әбден меңдеген дертке ақ желеңді абзал жандардың қолдарынан келер еш қайран болмаған. Науқастың өзінің айтуы бойынша анықталғаны – ауру мал және мал өнімі, шикізаттарымен қарым-қатынасы, кене шағуы фактілері болмаған, бірақ, 27-28 маусым күндері Жайылма ауылының Ақши учаскесінде мал шаруашылығымен айналысатын атасының ауылында болған. Келген соң, өзін нашар сезінген, қызуы көтерілген, бірақ, оны өлшемеген, аяқ-қолы ұйыған, белі, іші ауырған, ұдайы лоқсып құсумен болған. Жас келіннің өзін бұлайша жайсыз сезінуіне, жақсы ырымға жорыды ма екен, ата-енесі де аса мән бере қоймапты. Шілденің 4 күні ғана аудандық жұқпалы аурулар ауруханасы оқшау бөліміне алынып, конго-қырым геморрагиялық қызбасына шалдыққаны зертханалық тексерумен анықталып, ем тағайындалғанымен кеш еді…

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Әлеуметтік нысандардың әлеуеті

халық қалаулыларының көңілінен шықты

Жазғы демалысқа шыққан Парламент Мәжілісінің депутаттары Серікбай Нұрғисаев пен Гүлнар Ықсанова аймағымызға атбасын бұрды. Облыстағы аудан орталықтары мен үлкенді-кішілі ауылдарда халықпен кездесулер өткізе отырып, әлеуметтік сала нысандарымен танысып қайтуды көздеген халық қалаулылары алдымен Тараз қаласындағы №1 облыстық балалар ауруханасының жұмысымен танысты.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Тәнті қылған телемедицина

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қай Жолдауында болмасын, отандық медицина саласының алға жылжуына, халық денсаулығының жақсаруы үшін барынша жағдайлардың жасалуына айрықша назар аударып келеді. Әсіресе, «Қазақстан-2050» Стратегиясында қашықтан емдеу, смарт-медицина, санитарлық медицина, ғылыми медицина сынды озық үлгілі медициналық қызмет көрсету жүйелерін енгізіп қана қоймай, мүмкіндігінше оларды жетілдіре түсуді нықтап тапсырған еді. Осы бағытта министрлік тарапынан қажетті шаралар қолға алына бастады. Соның бірі – телемедицина жүйесі.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Қолжетімді көмек

Бүгінгі таңда медицинадағы маңызды мәселелердің бірі

Денсаулық сақтау саласында, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Ауруханалар мен емханалар жаңа құрылғылармен жабдықталып, дертті диагностикалауда үлкен мүмкіндіктерге жол ашылды. Елбасымыз 2010 жылғы Жолдауында атап көрсеткендей, жаңа нысандарды салу және жабдықтау, кадрларды даярлау, саламатты өмір салты жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30 пайызға азайтып, туберкулез ауруын 20 пайызға қысқартуы тиіс.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Марат Жұманқұловтың мәлімдеуінше, бүгінде өңірімізде қан айналым жүйесі ауруларының салдарынан болатын өлім-жітім 29, 6 пайызға, ана өлімі 28 пайызға, бала өлімі 1,4 пайызға төмендеген. Ал, тұрғындардың өмір жасының орташа көрсеткіші 69, 7-ні құрап отыр. Бұл – Мемлекет басшысының Жолдауларының нақты өмірдегі көрінісі.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

«Кезексіз емхана»

680-

кедергісіз қызмет
көрсете бастады

Жасырып жабары жоқ, емханалардағы таусылмайтын ұзын-сонар кезек – денсаулық сақтау саласындағы басты мәселе. Алдымен тіркеу бөлмесінің, сосын дәрігер кабинетінің алдын тозды­ратын сырқаттанушылардың бір күні ем­хана дәлізінде кезек күтумен өтетіні рас.

Енді бұл әңгіме де өткен күннің еншісінде қалатын болды. Қуаныштысы сол, денсаулық сақтау жүйесіндегі оңды өзгерістің бірегейі «Кезексіз емхана» бағдарламасы арқылы емханалардағы сағаттап кезек күту мәселесінің түйіні шешілмек. Облыс орталығындағы №5 қалалық емхананың халыққа сапалы қызмет көрсетуді құнттайтын бағдарлама аясындағы алғашқы жұмысы өз жемісін бере бастады.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Бағдарламаның айқын бағыты

Бүгінгі таңда облыстың денсаулық сақтау жүйесі бірқатар мемлекеттік және салалық, аймақтық бағдарламалар аясында жұмыстар жүр­гізуде. Соның ішіндегі ең ауқымдысы – Қазақстан халқының саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының қабылданғанына да екі жылдың жүзі болып қалды. Мемлекет қаржыландырып отырған бағдарламаның орындалу барысы қандай? Алға нақты бағдарлар белгіленген бе? Салада қандай өзгерістер бар? Облыстық денсаулық сақтау басқар­масы бастығының орынбасары Марат Жұманқұловпен арадағы сұхбатымыз, міне, осы мәселелер төңірегінде өрбіді.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Елгезек дәрігер

56890

Бойында жанашырлық, кез келген уақытта көмекке келетін азаматтық секілді ізгі қасиеттер болмаса, ондай адамнан дәрігер шығуы неғайбыл-ау. Өйткені, дәрігерлік – біреудің жан мен тән азабын өз жаның ауырғандай терең сезіндіретін, үлкен жауапкершілік жүктейтін сауабы мол мәртебелі міндет. Біз кәсіби мереке қарсаңында осы атқа лайық екенін біліктілігімен де, адамдық қасиеттерімен де дәлелдеп жүрген аяулы жан туралы әңгіме өрбітпекпіз.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Кіндік шеше

«Бас ауырып, балтыр сыздағанда» дәрігерге жүгіреміз. Дүниедегі ең ізгі осынау мамандық иелерінің қай-қайсысы да — хирург, педиатр, терапевт… бәрі құрметке лайықты. Ал, енді өмірге адам келуіне себепкер болып, әр сәбидің жарық дүние есігін ашуына алғаш куә болып, кіндігін кесушілердің қызметі тіптен ерекше.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
empire games
темы wordpress