Саясат
Әр гектардан – 63 центнерден!

Біздің институт мамандары күздік бидай тұқымын жүйек жотасына сіңіретін сепкіш жасап шығарды. Бүгінде ол еліміздің Оңтүстік өңіріндегі суармалы алқаптарда кеңінен қолданылуда. Осында жасалған сепкіштерді Қостанай облысының «Восток» шаруа қожалығы, Қазақ Күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және Вашингтон мемлекеттік университеті фермерлерге тарату үшін сатып алды. Бұл техниканың артықшылығы көп. Тұқым себу кезінде ол бірден жүйек жасайды. Дән себеді және минералды тыңайтқыш енгізеді. Осындай технологияны қолданған кезде әр гектарға 100-120 килограмнан артық тұқым себілмейді.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар
Орман қорына өрт келтіретін шығын орасан. Өткен жылы облыста орман қоры жерінде осындай екі оқиға тіркеліп, 8 гектар жайылымдық жер өртенген болатын.
Орман өртіне қарсы күрес шараларын күшей-ту мақсатында облыс әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Облыс аумағындағы табиғи өрттерінің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» №101 қаулысын басшылыққа алып, ормандарды қору, күзету, бақылау, байланыс жүйелері қызметін одан әрі жандандыру бағытында аудан әкімдіктерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі таңда күн қызуының IV-класты өрт қаупі көрсеткішіне жетуіне байланысты ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 20 қыркүйегіне дейін облыс әкімдігінің 2013 жылғы 30 мамырдағы «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» №142 қаулысын басшылыққа алып, жұмыс жүргізудеміз.
Іріленбесең, ілгері баспайсың
Қолға алынып жатқан шаралардың нәтижесінде облысымызда егін және мал шаруашылығы салаларында елеулі ілгерілеу байқалуда. Ағын су тапшылығын еңсеру үшін шаруалар егістікке тамшылатып және жаңбырлатып ылғалдандыруды қолға алуда. Оның тиімділігіне таяуда Қордай ауданында өткізілген «Егінжай күнінде» облыс аграршылардың көзі тағы да анық жетті.
Шамшырақ «Энерджи-Тараз» серіктестігінің жарық диодты шамдарына сұраныс мол

Аймақтағы іргелі кәсіпорындардың бірі – «Энерджи-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарық диодты шам шығаратын зауыты. Осыдан үш жыл бұрын жұмысын бастаған кәсіпорын бүгінде абырой биігінен көрініп жүр. Былтыр «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына облыс атынан қатысып, «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы аясында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Тұсауын кескеніне көп болмаған өндіріс орны үшін бұл – үлкен жетістік.
Ертең үгіт жұмыстары басталады
Тамыз айының басында өтетін саяси науқан – әкімдер сайлауы қарсаңында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Абдуалымен сұхбаттасқанды жөн көрдік.
– Елбасының ағымдағы жылдың сәуір айында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, ауылдық округ құрамына кірмейтін кенттер мен ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу туралы Жарлығы жарияланып, біздің өңірде 9 тамызда саяси науқан өтетіндігі белгілі. Жалпы, осы сайлау несімен ерекше деп ойлайсыз?
«Бастық» демесе беделі түсіп қала ма?
Тегінде қазекемнің жаңалықты қабылдауы қиын ғой. Мыңжылдықтар тоғысында Арқа төсінен айшықты Астана тұрғыздық. «Өзіміз дағдарыстың қыспағынан шыға алмай жатқанда жаңадан қала салғанымыз қай сасқанымыз» дедік о баста. Кейіннен сол жас қала ел экономикасын өрге сүйреген бас қалаға айналғанын көргенде барып, көңіліміз көншіді. «Үш тұғырлы тіл» жобасын енгізгенде тағы да өре түрегелдік. «Қазақ тілі қанатын кең жая алмай жатқанда, ағылшын тілінің не қажеті бар?» дедік жапатармағай. Құдды бір балаларымыз ауылдан ұзап шықпайтындай күйгелектікке салынамыз. Тіл білсін, ілім алсын, қызмет қусын, еліне еңбек етсін. Қазақ балалары қашанғы қойдың соңында жүруі керек?
Маманды… грант таңдайды
«Мен Үкімет алдына орта мектепті бітірген әрбір қазақстандықтың мамандық алу мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. Барлығы жоғары оқу орнына бара алмайды, ол мүмкін де емес. Ал экономикаға техникалық мамандықтар, орта буын жұмысшылары ауадай қажет».
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев
Еңбек нарығының биылғы талабы қандай? Өңіріміз қандай мамандарға зәру? Мемлекеттік білім граaнттары қай салаға көбірек бөлінген? Міне, бұлар мамандық таңдауда ескерілуі тиіс сауалдар.
Мемлекеттік тіл – менің тілім!
Бұл қазақ тілін жетік меңгерген
түрлі этнос жастарының жүрекжарды сөзі
Ырыс төгетін ынтымақтың кілті – бірлікте. Достық пен татулықты ту еткен елімізді мекендеген қай ұлттың өкілі болсын мемлекет саясатын қолдап, оның дамуына барынша атсалысуы арқылы елдегі бейбіт тұрақтылықты сақтап отыр. Бүгінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асыруға балабақшадан бастап, барлық мекемелер белсенділік танытып, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді игеруге, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін танып-білуге деген құлшыныстары артуда. Олардың мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтуға мүдделілігі айрықша екендіктеріне тіл сайыстарында куә болып та жүрміз. Тілі басқа болғанмен, тілегі бір, жүзі басқа болғанмен, жүрегі бір осындай отандастарымыз – кәріс, орыс, шешен жастарының мемлекеттік тіл турасындағы пікірлері де осыған саяды.