Жаңа идеялар
Орман да, аң-құс та Отан байлығы Оны қорғауға арналған аймақтық семинар-кеңесте облысымыздағы озық тәжірибелер таратылды

Екі ай бұрын Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Жамбылға жұмыс сапарымен келгенде, орман өсіру, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау шараларының жай-күйімен танысып, облысымыздағы «Ормандарды қорғау жедел қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәжірибесін өзге аймақтарға да тарату үшін семинар-кеңес өткізуді ұсынған болатын. Осы орайда Тараз қаласындағы Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында орман және жануарлар дүниесін қорғау мәселелеріне арналған аймақтық семинар-кеңес ұйымдастырылды. Оған Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті өкілдері, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары, сонымен қатар, аймақтық орман және аңшылық шаруашылық инспекцияларының басшылары жиналды. Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Жолдасбаев қатысты.
Жаңа бағыт
«Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», деді Елбасымыз Н. Назарбаев биылғы Жолдауында. Ел тірегі саналатын жастар елжанды, білімі мен білігі жоғары, танымдық көзқарасы тұрақты болуы керек. Жас ұрпақтың дұрыс бағыт ұстанып, азамат болып қалыптасуына Президент тапсырмасына сай әр өңірде құрылған жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен қоғамдық ұйымдардың тигізер ықпалы мол болуы тиіс. Жаңа басқармаға жүктеліп отырған негізгі міндет те осы.
Ғалымдар жұртшылық арасында
Апта аралығында құрамына Қазақ Ұлттық аграрлық университеті оқытушылық-профессорлық құрамының екі жүзге тарта ғылыми қызметкері кірген республикалық ақпараттық-насихаттық топ, облыс аудандары мен Тараз қаласында болып, Мемлекет басшысының барша қазақстандықтарға арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жұртшылық арасында насихаттауға атсалысты.
Тұжырымдама талқыланды
Үкіметтің үстіміздегі жылғы 26 ақпан күнгі отырысында «Қазақстан-2020: Болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы қаралып, мақұлданған болатын. Айта кету керек, Тұжырымдамада елімізді дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиясында, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында, Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында, «Жас Отанның» съезінде және «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған негізгі ережелердің барлығы қамтылған.
Информация
о проведении областного смотра-конкурса по безопасности и охране труда
Департамент по контролю и социальной защите по Жамбылской области Министерства труда и социальной защиты населения РК объявляет конкурс по безопасности и охране труда среди работодателей Жамбылской области.
Срок проведения конкурса – с 1 марта по 1 апреля 2013 года.
Награждение победителей состоится 25-26 апреля 2013 года в г.Тараз
Конкурс проводится, по двум номинациям:
1.«Лучшее безопасное предприятие года»
(I, II, III места)
Айлық басталды
Жастардың сайлау заңдылықтарын білуі мемлекет үшін өте маңызды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жастарды құқықтық оқытудың 2012-2013 жылдарға арналған жоспары бойынша, әр облыста сайлау жөнінде құқықтық тәрбие беру айлықтары өткізілуде. Өңірімізде де осы айлық көктемнің алғашқы күнінен басталды. Енді оның шеңберінде түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Мұның барлығы келесі сайлауға тыңғылықты дайындық болмақ.
Бала – елдің болашағы
Облыс орталығында жеткіншектерге арналған жаңа аурухана ашылды
Бұл көпбейінді балалар ауруханасы 200 орындық. Жалпы көлемі 26492,9 шаршы метр, оның сметалық құны 4 674 миллион теңге болады.
Аурухана 4 қабатты емдеу корпусы мен 2 қабатты физиобөлімнен және сумен емдеп, оңалтуға арналған 2 бассейннен тұрады. Сондай-ақ компьютерлік томография, ИФА-анықтау, сандық Р-аппараты, ішкі ағзалар құрылысын тексеретін ультрадыбысты зерттеу құрылғысы, жан сақтауға арналған жабдықтар, эндоскопиялық препараттар, барлығы 156 заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған.
Талғат Разақов Алматы қаласындағы Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің өкімімен Жетісу ауданының әкімі қызметіне Талғат Разақов тағайындалды. Бұл туралы Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Талғат Көшенұлы Разақов 1963 жылы туған. 1986 жылдан мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарда болды. 2005-2007 жылдар аралығында Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2007 жылдан бастап Алматы Медеу ауданы әкімінің орынбасары болып келді.Ал бұған дейін бұл ауданды басқарған Ербол Әліқұлов биылғы жылдың 2 наурызында Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалған.