Тарих тағлымы
Ұлт тарихын зерделеу – маңызды іс
Мемлекет басшысы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында тарих оқулықтарын жоғары талаптарға лайықтап жазуды, сондай-ақ, өлкетану пәнін оқытуды қолға алуды міндеттесе, былтырғы Жолдауында инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын жария етіп, ұлттың тарихи санасын қалыптастырып, бүкілқазақстандық бірегейлікті оның өзегіне айналдыруды жаңа патриотизмнің алғышарты ретінде айрықша атап өткен-ді. Бұл тарихшы ғалымдар үшін айқын бағдар болмақ.
Ұлтты ұйытудың ұлы ұстаздары
Белгілі жазушы Несіпбек Дәутайұлының жақында облыстық «Ақ жол» газетінде жарық көрген «Күллі қазақ кеңістігінің кемеңгері» атты мақаласына өз тарапымнан ой қосқым келеді. Және бұл ой тек менің ғана көкейімдегі емес, исі Алаш баласының бірлігін көксеген барша қазақ баласының асыл мұраты деп білем. Аталмыш мақалада заманының заңғар тұлғасы, көрнекті қоғам қайраткері Төле Әлібекұлының 350 жылдығына орай атқарылар іргелі істері мен игі шаралары туралы сөз болыпты. Ұлы жүздің бас биі Төле Әлібекұлы «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі ғана емес, Есімхан мен Тұрсынхан егесі кезінде Есімханды қолдай отырып, ұлт тарихындағы «Есім ханның ескі жолы» атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға да зор ықпал жасаған. Ол — өз заманында қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен тұлға. Төлеби өз халқының шешендік поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынын бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты кісі болған. Он бес жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында танылған.
Заңғар жазушы оқыған білім ордасы

оның есімімен аталса, игі
Расында да, биыл құрылғанына 90 жыл толғалы отырған Құлан ауыл шаруашылығы колледжі әлі күнге ешбір атау берілмеген күйде тұр. Ең алғаш Орынбор қаласында мал дәрігерлік техникумы болып ашылған оқу орны содан бері қарай өзінің мекен-тұрағын әлденеше мәрте ауыстыруға мәжбүр болған.
Шәбден батыр
Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында жетісулық қазақ-қырғызға қатар танымал ерек тұлғалардың бірі — Шәбден батыр еді. Ол біздің Қордайдағы Ноғайбай бимен замандас, сыйлас, Шу өңіріндегі қара қырғыз елін билеп орыс патшасының шенін алған аса беделді тұлға болған. Оның Ноғайбаймен достығы арқылы Кенесары оқиғасынан кейін қазақ-қырғыз арасындағы салқындыққа алғаш жылу берілгені мәлім. Қырғыз ішінде хан деңгейінде өткен Жантай батырдың (1795 – 1868) бес әйелінен он екі ұлы болса, батырлығымен, тектілік қасиеттерімен атаның орнын басып, дүйім елді аузына қаратқаны осы Шәбден. Халық аузында ол аса әділ, жомарт, өле-өлгенше қолында барды жетім-жесірлерге, кембағалдарға бөлісуден танбаған кең пейілді мырза кісі ретінде аңыз болып келеді.
Керей хан есімі ескеруге тұрады
Тарихи дерек көздеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы ту тіккен жері Іле, Шу және Талас өңірлерін қамтыған екен. Яғни, Іле мен Шу өзендері аралығын Бес нүшбе елдері мекен етті. Сол мезгілге тән деректер бұл түрік елін «он оқ елі» атады. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы түрлі кезеңдерде Шу өңіріндегі Суябта, Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаған саяси өмірдің куәсі болды…
Ұрпаққа ұран болған Қойгелді

Халқымызда «Жақсының аты, ғалымның хаты қалады» деген нақыл сөз текке айтылмаса керек. ХVII ғасырда қазақ халқының тәуелсіздік жолында күрескен аса ірі қайраткер Қойгелді Сартұлы — жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресінде қол бастаған атақты қолбасшылардың бірі. Қойгелдінің бүкіл өмірі, тағдыры Ұлы жүз елінің басшысы, қазақтың атақты биі — Төле бимен тығыз байланысты. Ол — ұлы бидің сенімді серігі, жауға жұмсар батыры болған. Халқымызда: «Төле би келмей жүріс жоқ, Қойгелді келмей ұрыс жоқ» деген ел аузында мақалға айналған қағида бар. Қойгелді атамыз Төле би көз жұмғаннан кейін Ұлы жүздің билік тізгінін қолына алып, 1771 жылы Абылайды хан сайлап, ақ киізге көтеруге қатысқан.
Ұлттың рухы – тілінде
Ата-бабаларымыз ұлттық құндылықтарымызды ғасырлар бойы көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Бұған бір ғана мысал, жылбасы — Наурыз мерекесін атап өтудің өзі терең мән-мағынаға ие. Осынау атаулы күнде бірлік, татулық, достық, кішіпейілділік, туыстық қарым-қатынас күшейе түсіп, адамдар бір-біріне кешірімділікпен қарап, жүректеріне сүйіспеншілік орнайтын болған.