Ой-пікір

Тараздық ғалым – еліміздің ең үздік математигі

Жуықта Алматыдан Қазақстан математикалық қауымдастығының анықтауымен былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұсахан Мұратбековтің еліміз көлемінде ең үздік математик ғалым болып танылғаны жөнінде қуанышты хабар жетті. Ол осы жетістігі — халықаралық басылымдарда жарияланған, әлемдік деңгейде ең үздік деп танылған ғылыми зерттеу-мақалалары үшін Білім және ғылым министрлігінің екінші дәрежелі дипломымен және қомақты қаржылай сыйақымен марапатталды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Сөгіс берілді

«Қазпошта» АҚ облыстық филиалы «Ақ жол» газетінде ағымдағы жыл­дың 16 ақпанында жарық көрген тілші Маржан Рақайдың «Алғыс алмайтын аумалы-төкпелі қызмет» атты мақаласы бойынша тиісті жұмыстар жүргізді. Нәтижесі Шу ауданынан арнайы алынып, жауап ретінде жолданып отыр.

Мақаланың жазылуына «Пошта жұмысы қашан жақсарады?» деген шағым-арыз негіз болған. Бұл хатқа байланысты қызметтік тексеріс тағайындалып, арнаулы комиссия мүшелері шағым иелерінің үйлеріне барып, мәселенің мән-жайын анықтады. Хат тасушылар С.  Әбілдаева, Н. Дюндик, А. Қойлыбаеваның салғырттығынан жазылым иелеріне газеттердің мерекелерге байланысты кей кездерде кешігіп шығатындығын жөнімен түсіндірмеулеріне байланысты аталған азаматтардың шағымдануына тура келген. Сондықтан, аталған хат тасушылардың ісі жалпы жиналыста қаралып, оларға сөгіс жарияланды. Бұл кемшіліктер алдағы уақытта қайталанатын болса, олардың жұмыстан босатылатындығы ескертілді.

Мұхит Кәрібаев,
«Қазпошта» АҚ облыстық
филиалының директоры.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Есімі ескерілсе…

Жуалы өңірінің бұрынғы Ақсай, қазіргі Қайрат ауылында 1926 жылы өмірге келген, Социалистік Еңбек Ері Еламан Байғазиев туралы сөз қозғамақ едік. Жас кезінен еңбекке араласқан оның ел үшін атқарған жұмысы орасан. 1944 жылы Теміртау қаласында шойын зауытында болат қорытушы болып еңбек жолын бастаған. Сөйтіп, зейнетке шыққанша осы зауытта табан аудармай жұмыс істеген. Мұнда келген алғашқы күннен бастап-ақ өзінің іскерлігімен, сабырлылығымен, жауапкершілігімен озаттар қатарына ілікті. Соның арқасында оның аты дүркіреп Қарағанды облысына ғана емес, республика көлеміне телерадио арқылы таралды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Шалғай қыстауларға малшылар штабы керек

Шіркін, шалғай құмдағы жайылымға не жетсін?! Ілгеріде, кеңес өкіметі заманында Жиекқұмнан сонау Бетпақдалаға дейінгі жер­лерге ең аз дегенде төрт жүзден аса малшы қыстап шығатын. Сонда да құмның жүзгені мен сексеуілі кеміп, жайылымының оты қайтқан емес. Бүгінде шалғай құмда малын қыстататындар некен-саяқ. Өйткені, «Үмбет» сияқты алыс қыстауларда малшылар штабы жоқ болып отыр.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Асабалар шоуы

ата-баба дәстүріне үйлеспейді

«Ақ жол» газетінің 2013 жылғы 26 қаңтарындағы №9 (17697) санында жарық көрген «Ел- жұрттан елеңдетер хат күтеміз» мақаласынан оқырманды толғандырарлықтай ой тастар үндеу ретінде қабылдадым. Автор айтқандай, газет – оқырманымен газет. 90 жылдық тарихы бар «Ақ жолдың» облыс аумағында қоғамдағы келелі мәселелерді бұқараға жеткізуде тілшілерінің қалам қарымы, тақырыптардың өмірмен ұштасуы, өзіндік безендірілуі және бет сандарының көбеюімен ерекшеленіп, жолы болып-ақ тұрған секілді. Бұл менің газет туралы өз ойым. «Әдет әдет емес – жөн әдет » екені рас-ау. Себебі, аталарымыздан қалған жөн әдеттер ұрпақтан-ұрпаққа жетпей, ұмыт қалмағаны абзал. Сол жөн әдетті «жоқ» әдетке айналдырар өзіміз емес пе?

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

«КазАгроға» таныстырылды

«Смарт Агро Қарқара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облысымызда құны 14 миллион АҚШ доллары тұратын 1500 бас Қызыл Ангус тұқымды ірі қара өсіру жөніндегі жоба дайындады. Ол 2013-2014 жылдары жүзеге асырылады. 1170 бас Қызыл Ангус етті тұқымды ірі қара солтүстік Америкадан сатып әкелінеді. Сарапшылар бұл малдың басқаларға қарағанда артықшылығы көп екенін айтады. Оны елімізде өсіру 2010 жылы қолға алынған. Қызыл Ангус ауа райының кез келген жағдайына шыдамды әрі жылдам бейімделеді. Оның бұқалары 15 айға жеткенде 500 килограмм салмақ қосады.
Жоба «Каз Агро» ҰБҚ» АҚ қаржы институтына таныстырылды.

Ахан Жойқынбек,
журналист.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Дүние және дағдарыс

АҚШ дағдарыстың тағы бір толқынын күтіп отыр

Дағдарыстың салдары әлемді әлі де біраз сарсаңға салар түрі бар. Мәселен, интернет иірімдеріндегі ақпаратқа сүйенсек, АҚШ экономикасы да қаржылық дағдарыстың құрығына түскен. Айталық, Roubini Global Economics-тің жетекшісі, Американың экономист ғалымы Нуриэль Рубинидің айтуынша, АҚШ-тың келісілмеген фискальдық саясаты елдегі ІЖӨ-нің өсімін 1,5 пайызға дейін тежейтін көрінеді. Мұндай жағдайда бөлшек сауда мәселесі апатқа ұшырап, инвесторлар 2013 жылдың аяғындағы есеңгіреу ахуалына дайын болу керек. Нуриэль Рубини мемлекеттік шығындарды қысқарту шараларынан шыға алмай қалған Еуропада жағдай мүлде қиын болатындығын алға тартады. Ол сондай-ақ, кәрі құрлықты шайқалтатын келесі «цунами» Италиядан бастау алатындығын айтыпты.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Пайдалы өмір сүруге берілген мүмкіндік

«Қамшының сабындай ғана қысқа өмір» дегенде ата-бабаларымыз уақыттың жалт етіп бір демде өте шығатындығын меңзеген. Ал, осы алтын уақытты кім қалай пайдаланып жүр? Баяғыда үлкен кісілер кеш батқанда күнім өтті, деп жылайды екен. Қазір керісінше, күннің тезірек өтіп, ертеңін асыға күтетіндер көп. Сондықтан шығар, бұрынғымен салыстырғанда уақыт та тез жылжитын сияқты. Өзіңнен кейінгі жас толқынды көріп, жылдардың жылжып, сағаттардың сырғып өтіп жатқанын сезінесің.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Малшы беделі жасалған жағдайға байланысты

Алдымен, Павлодардағы жағдай жөнінде мынаны айтсам деймін. Біздің депутаттар да, БАҚ-та шу шығарып, қоғамды дүрліктіруге әуес. «Ойбай, Павлодарда мал қырылып, жұт болып жатыр!» деп даурықты. Қайдағы жұт?.. Бұл – жұт емес. Біз өзі қызық халықпыз. Бұл – біздің қазекеңнің бейқамдығының, жайбарақаттығының жемісі. Біріншіден, малдың иелері бейқамдық танытқан. Осынша бас малың бар ма, оған жететіндей жемшөп дайында. Мемлекет бәріне жәрдем ақша беріп жатыр. Қыстыгүні қамсыз отыруға болмайды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
empire games
темы wordpress