Тараз қаласы
72 сағат
«Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының кеңсесі салтанатты түрде ашылды. Одан кейін бірлестік кеңесінің жиыны өтіп, жұмыс жоспары бекітілді. Одақ мүшелігіне өңіріміздегі заңгерлер қауымдастығының кіру жайы талқыланды. Аталған одақ филиалдары қызметінің басты бағыттарының бірі халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру болып табылады.
Байқау жариялайды
Тараз қаласы әкімдігі сәулет және құрылыс бөлімі Төле би бабамыздың ең үздік ескерткіш жобасына байқау жариялайды. Байқау қазақтың біртуар ұлы Төле бидің 350 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
Байқаудың шарттары:
Байқауға жобалау мекемелері, шеберхана қызметкерлері мен шығармашылық ұжымдар, дизайнерлер мен мүсіншілер қатыса алады.
Байқауға қатысатын барлық үміткерлер өз туындыларының үлгісін тұғырмен және заманауи құрылыс материалдарымен жаңа үлгіде жабдықтап өткізуі қажет.
Жұмыс беруші де, ізденуші де ықылассыз. Неге?

Бос жұмыс орны жәрмеңкесі — жоғары оқу орнын бітіруші жастарға қолдау көрсетудің ең бір тиімді түрі. Мұндай шара екі тараптың өкілдері үшін де пайдалы.
Бұл күні жұмыссыздарға өздеріне ыңғайлы жұмыс табуға, ал, жұмыс берушілерге жұмыс орнын маман кадрлармен жабдықтауға мүмкіндік туады. Міне, сондықтан М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті бітіруші түлектерге арнап жыл сайын жұмыс жәрмеңкесін өткізуді дәстүрге айналдырған.
«ТАРАЗ» футболшылары көш басында

Қазақстан біріншілігінде бақ сынап келе жатқан он екі ұжым өткен сенбіде төртінші турдың кездесулерін өткізді. Өткен турда «Тобылмен» тең ойнаған «Тараз» бұл жолы аса тартысты бәсекеде «Қайратты» қапыда қалдырып, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы голды команданың португалиялық легионері Мануель Курто соқса, екінші допты тағы бір легионер Абдуллай Диакате қарсыластар қақпасына тулатты.
«Тараздың» бас бапкері Любомир Петрович команданың «Қайратқа» қарсы тыңғылықты дайындықпен келгенін жасырмайды. «Тараз» барлығы төрт ойында сегіз ұпай жинап, биылғы чемпионатта әзірге жеңілмеген төрт команданың бірі саналып отыр. Әзірге жеңіліс дәмін татпағандар қатарында, сондай-ақ, «Ақтөбе», «Ақжайық» және «Жетісу» командалары бар. Ал, жеңіске жетіп көрмеген төрт команда – «Жетісу», «Қайрат», «Восток» және «Ордабасы» екенін айта кетейік. Сөйтіп, тараздықтар қазір турнир кестесінің басынан көрінді, «Ақтөбе» екінші, «Астана» командасы үшінші орында. Енді 14 сәуір күні біздің «Тараз» төртінші турда «Ордабасымен» кездеседі.
Құрман Беков,
журналист.
Суретті түсірген Ағаділ Рысмахан.
Базардан басқа бағыт жоқ па?
Облыс орталығындағы Сыпатай батыр көшесінің бойында ірілі-ұсақты кәсіпорындар орналасқан. Мәселен, тынысы қайта ашылып, бірталай жанға жұмыс ұсынып отырған бұрынғы былғары-аяқ киім комбинатынан бастап, Жамбыл даңғылына тірелер тұстағы сүт зауытына дейінгі аралықта он шақты кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Біздің негізгі айтпағымыз, осы көше бойындағы қоғамдық көлік қатынасының түйінді мәселесі.
Ертеңіміздің көкжиегі – ерен еңбек

Өңірлерге аттанған Парламент мүшелерінің бір тобы облысымызда жүр. Кеше өңірге Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелері ат басын бұрды. Құрамында Еділ Ахметов, Оралбай Әбдікәрімов, Мұхтар Алтынбаев, Ғани Қасымов, Сергей Кулагин, Александр Савченко, Ертарғын Астаев, Бақтияр Өнербаев бар топ алдымен Қордай ауылында орналасқан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2038 әскери бөлімінде болды. Мәртебелі меймандарды облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаев пен Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле бастап жүрді.
Заманауи ақпарат алмасу – алғышарт
Облыста он үш білім ошағы Интернетке қосылмаған соң, осы алғышарттан алыста қалып отыр
Білім беру үрдісіне бөлінген инвестицияның қоғам мен экономиканың дамуына елеулі әсер ететіндігін өмірдің өзі әлдеқашан дәлелдеген. Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауларында білім саласына баса назар аударуы бекер емес. Мемлекетіміз білім, білік дағдыларын қалыптастыруды негізгі бағыттардың бірі ретінде ұстануда. Президентіміз «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында сала ісін әрі қарай жетілдіру жолдарын айқындап берді. Болашаққа бағдар беретін стратегиялық құжатта көрсетілген тапсырмалар – білім беруді дамытудың нақты бағыты.
Бос орындар жәрмеңкесі
Таяуда Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйытқы болуымен республикалық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда 15 мекеме екі қолға бір күрек іздеген жандарға 115 бос жұмыс орнын ұсынды. Олар негізінен гуманитарлық мамандар, тігіншілер, машинистер, слесарьлар, жүргізушілер, электрқұрастырушылар, токарьлар мен жай жұмысшыларға ділгірлік танытып отыр екен.