Әдебиет
Өңір тарихын өлеңмен өрген…
Бүгінде жекеменшік баспалардың «екі тізгін, бір шылбыры» қолдарына тигелі бері кітаптарды көптеп басып шығарып жатқаны белгілі. Олардың бірі айтары, татымы жоқ шикілі-пісілі, күлдібадам бірдеңе, ал, екіншісі ішкі бұлқыныстан, елге, жерге деген шынайы сүйіспеншіліктен туған, дәні-құнары бар дүние болып оқырмандары қолына тиеді.
Жан-жағын өсекпенен өртеп болды
(Бір досқа)
Құдайым тектілікті қимаған ба?
Мәз пенде өсек-аяң жинағанға.
Жасы да келіп қалды біраз жерге,
Таңқалам өзін-өзі тыймағанға.
Адамдық қасиетін жойып алған,
Тірлігі жасап жатқан бәрі жалған.
Жан-жағын өсекпенен өртеп болды,
Күтеді жақсылықты қалай алдан?
Жүреді барлық істі тындырғандай,
Жамбасын «жауларының» сындырғандай.
Ауылға пайдасы бар жиын болса,
Дес бермей отырады жын ұрғандай.
Ой-пікір оған айтқан желге кетер,
Ақылың тыңдалмайды – бәрі бекер.
Өткенді қаза берсе, бір күндері
Түбіне көп жақсының осы жетер.
Арсыз ба?
Ақылымен ойламайды,
Сөздерінің тереңіне бойламайды.
Мереке күндерінде елден қашып,
Жұртпенен бірге шығып тойламайды.
Кім кепіл аруақтың атпасына,
Адам боп жүре алмайды аптасына.
Досы да сенімділік көрсетпейді,
Қоқыстың бірі болып жатпасына…
Қалибек Шайжан.
Мойынқұм ауданы.
Қош, махаббатым…
Менің бір досымның маған айтқан әңгімелерінен соң еріксіз қолыма қалам алған жайым бар. Оның айтқандары шын көңілінің сырлары еді. Оған осылай ағынан жарылғаны үшін де разымын. Енді сол сырлардың шып-шырғасын шығармай оқырман назарына ұсынбақпын. Мұның да жастар үшін тағылымдық, тәрбиелік мәні бар ғой дедім. Қабыл алыңыз, оқырман!
(автор)
Бапыш
Бапыштың азан шақырып қойған аты Балкүл болатын. Әжесі еркелетіп Бапыш дейтін. Ел-жұрт та солай атап кеткен… Көпесбайдың жар дегенде жалғыз баласы Қалтайды колхоздың ұстаханасында істейтін ескі көз тамыры Беркімбайдың қызы Бапышты айттырып, тым ерте үйлендірген-ді. Сол үшін ауылкеңеске бір сойысын беріп, Қалтайдың он бестегі жасын он жетіде деп, Бапышпен түйдей құрдас етіп, түзеттіріп те алған еді.
Дүниекезек
Күреңбайдың әлдебір алаяқтармен байланысып, сапасыз тауар өндіріп, оны халыққа қымбат бағаға өткергелі тұрмысы түзеліп шыға келген. Қала сыртынан дүмбірлетіп коттедж тұрғызды. Оны аз десеңіз, қаланың дөп ортасында екі бірдей дәмханасы, казиносы бар. Құмар ойынының соңына түскендерге титтей де жаны ашыған емес. Олардың бұл тірлігіне қайта қуанады. Мейлі уыздай жас, сақалы сапсиған кәрі келсін – оған бәрібір. Қалтасының күннен күнге қалыңдағанына мәз, бар ойы ақша, табыс, пайда… Өмірінің де бар мағынасы осы.
Үстінен іс қозғады
Облыс бойынша қаржы полициясы департаменті «СК Биік асулар 2006» серіктестігі басшысының үстінен Қылмыстық кодекстің 176-бабы 4-бөлімінің «б» тармағы бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) қылмыстық іс қозғады.
Республикалық «Ауызсу» және «Ақ бұлақ» бағдарламалары бойынша Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің Ойық ауылын сумен жабдықтау жобасы бойынша