Құқық және тәртіп

Жеті жылқысы да табылды

Облыстық ішкі істер департаментіне Жамбыл ауданы Жасөркен ауылының тұрғыны Қуат Майрықов хабарласып, түнгі мезгілде қорасында байлаулы тұрған жеті жылқысының қолды болғандығын айтады. Шығын көлемі 1 миллион 150 мың теңгені құраған. Аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесінің қызметкерлері осы факты бойынша Қылмыстық кодекстің 175-бабы 3-бөлімімен (ірі көлемдегі ұрлық) қылмыстық іс қозғады. 

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Жол полициясы өз деңгейінде жұмыс істемейді

56

Жол-көлік оқиғасының екі еседен  астам өсуі осыны айғақтайды

Облыста жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар төмен деңгейде. Мәселен, биылғы алты айда өткен жылдың осы мерзіміне қарағанда жол-көлік оқиғасы 211 пайызға өскен. Былтыр бірінші жартыжылдықта 321 оқиға тіркелсе, биыл 677 жол апатына ц берілген. Нәтижесінде, 113 адам ажал құшып, 1304 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, қаза тапқандардың 22 пайызға, ал, жарақаттанғандар санының 130 пайызға өскенін көрсетеді. Жамбыл, Меркі, Мойынқұм, Қордай аудандарында бұл көрсеткіш 100 пайызға, ал, Сарысу ауданында 50 пайызға артқан.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Арыз-шағым артында – адам тағдыры

Облыс прокуратурасы азаматтардың арыз-шағымдарын қарауды заң талаптарына сай, сапалы, әрі уақтылы жүргізуде. Әрбір арыз бойынша толыққанды тексеру жүргізіліп, заң бойынша шешім қабылдануда. Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін «Ашық есік» күндері де ұйымдастырылып тұрады.

Мәселен, осындай шара барысында облыс прокуроры бекіткен кестеге сәйкес басшылық құрылым аудандарды аралап, жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын тыңдады. Ағымдағы жылы осындай 57 кездесу өткізіліп, 65 шағым қаралды. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерге, яғни жәрдемақы алу, құжаттандыру, алимент өндіру, елді мекендерді ауызсумен қамту және көлік қатынасын жақсартуға қатысты айтылды. Сот шешімдерінің заңда белгіленген мерзімде орындалмауына және қылмыстық қудалау органдары лауазым иелерінің әрекеттері мен әрекетсіздігіне байланысты шағымдар да кездесті. Енді солардың кейбіріне тоқталып өтсек.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Қылмыс хроникасы

Бірінен – 700, екіншісінен 500 килограмм 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Меркі ауданында 54 жастағы тұрғынды қолға түсірді. Одан 700 килограмнан астам марихуана тәркіленді. Осы факты бойынша Қылмыстық кодекстің 259-бабына сәйкес (есірткіні ірі көлемде заңсыз алғаны, тасымалдағаны немесе сату мақсатында сақтау) қылмыстық іс қозғалды. Бұл үшін күдіктіні үш жылдан жеті жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ал, Қордай ауданы есірткі бизнесіне қарсы бөлімі мен «Дельта-Долина» аумақаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жарты тоннадан астам марихуананы тәркіледі. Қордай ауданы Қайнар ауылында бұрын сотталған 41 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ірі көлемдегі есірткі затымен әшкере болды. Оның да үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда есірткі затын тасымалдау арналарын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру, арнайы және тергеу шаралар кешені жүргізілуде.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Төрт баланы құтқарып қалды

Ішкі істер органының бұрынғы қызметкері, полицияның аға лейтенанты Талғат Бласов жуырда Тараз қаласының «Зербұлақ» көлінде суға тұншыққан төрт баланы құтқарып қалды. 

Түскі мезгілде бала-шағасын серуендетіп, демалдыру үшін аталған көлге келген ол заттарын қойып, жайғасар-жайғаспастан, су айдынында шомылып жүрген балалар арасынан «құтқарыңдар» деген ащы дауысты естиді. Жалт қараса, екі қыз баланы су иірімі тартып барады екен. Дереу киімімен суға қойып кеткен азамат жедел қимылдап, қауіп-қатерге тап болған екі қыз, екі ұл баланы судан аман-есен алып шығады.
– Жас шамалары 7-8-дегі бүлдіршіндер екен. Оларды құтқарам деп жүргенде ұялы телефоным да, ақшам да суға кетті, – дейді ерлік иесі.
Оның бұл ерлігін тиісті орынның елегенін де айтып өткен ләзім. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметі мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Нұржанов судағы төтенше жағдайдан адамдар өмірін құтқарған ерлігі үшін Талғат Таужолұлына Мадақтама грамотасын өз қолымен тапсырды.

Барат Мыңбосынов,
зейнеткер.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Қылмыс хроникасы

Қожайынын ұрып өлтірген

Байзақ аудандық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылдың сәуір айында қайтыс болған Түймекент ауылының тұрғыны Т.К-ның өлімінің себебін ашты.
АІІБ бастығының орынбасары А.Рахымбердиевтің айтуынша жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 1975 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталған. Оралман мәртебесі бар, бұрын ұрлық үшін сотталған азамат А. далада қалып қалудан қорқып, бұл әрекетке баспана үшін барған. Жәбірленуші оны алдында отбасымен үйінен шығарып жіберген. Күдікті жұмыс істемеген және ащы суға үйір болған. Отбасы баспанасыз қалған соң, бар ашуын үйдің қожайынынан алып, оны таяқпен үш рет ұрып, о дүниеге аттандырған. Бүгінде ол қамаққа алынып, түсінік беруде.
Тал-түстегі атыс

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Қылмыс хроникасы

Қаққан да қашқан…

Жуалы ауданындағы «Теріс Ащыбұлақ-Сұрым» аймағындағы жолда белгісіз көлік жүргізушісі 1973 жылы туылған Теріс Ащыбұлақ ауылының тұрғынын қағып кеткен. 40 жастағы азамат оқиға орнында қаза болды. Облыстық ІІД Жол полициясы басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының барысында «Фольксваген-Вента» автокөлігінің иесі анықталды. Ол – 1988 жылы туылған Сұрым ауылының тұрғыны, №91678 әскери бөлімінің сержанты болып шықты. Жеңіл көлік айғақ ретінде алынып, автотұраққа қойылды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады. Оның үстінен жол көлік ережесін бұзғаны және жол көлік апаты болған жерден бой тасалап кеткені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Бұл – Заң талабы

Байзақ ауданында «жер телімін алып беремін» деп жемқорлыққа жол беретіндердің қарасы тыйылмай тұр. Мынаны қараңыз: биылғы наурыз айында Бурыл ауылдық округі әкімінің орынбасары Р. Бөкешовті қаржы полициясының өкілдері Тараз қаласындағы «Дәмді» дәмханасында аудан тұрғындарының бірінен конкурстық аукцион жеңімпазы ретінде танып, өңірде орналасқан жер телімін жеке шаруашылыққа беру үшін 105 мың теңге көлемінде қаражат алып жатқан жерінен ұстаған. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысы көрсеткендей, бұл іске өзге де лауазымды тұлғалардың араласқандығы белгілі болып отыр. Жедел іздестіру шаралары кезінде арызданушы азаматпен қатар Р. Бөкешовтің Көктал ауылдық округінің әкімі С. Өтешбаев және аудандық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Б. Сағынбековтің араларында жер телімін заңсыз жолмен аукцион кезінде мемлекет иелігінен шығаруға қатысты нақты келісу, ақыл қосу, жолдарын үйретудің болғандығы өз дәлелін тапқан. Яғни, тікелей қызығушылық танытқан.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Қылмыс хроникасы

Серіктесін 

тапсырыспен өлтірген

Облыстық қаржы полициясы Тараз қаласының тұрғыны Біләл Талқаттың басшылығымен жұмыс істеген жиырма шақты адамнан тұратын ұйымдас­қан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Әу бастан-ақ, Біләл Талқат арам ақша табу үшін 14 адамның атына жалған кәсіпорындарды тіркеп, коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару және қаражаттарды қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша қызмет көрсетумен айналысқан. Сөйтіп, мемлекетке бір миллиард теңгеден астам залал келтірген. Егер өткен жылдың желтоқсан айында Аса-Тараз бағытындағы жолдың бойындағы көпірдің астынан В. Кошкинцевтің күйіп кеткен мәйіті табылмағанда, 2010 жылдан бері осылай тайраңдап келе жатқан оның қитұрқы тірлігі ашылмайтын ба еді, кім білсін? Өзінің «оң қолы» және кәсіпорындарының бірінің директоры болған Кошкинцевтің қызметін пайдаланып, соңында қажеттілігі болмай қалғандықтан және құпияларының барлығына қанық болғандықтан тапсырыс беріп өлтіруді жөн көрген. Бұл тірлікті ол қылмыстық топтың құрамындағы бұрын сотталған екі азаматқа жүктейді. Олар Кошкинцевті ұрып өлтіріп, мәйітін бензин шашып, өртеп жібереді. Алайда, осы іс бойынша жедел тергеу шараларын қолға алған ішкі істер департаментінің қызметкерлері қылмыстық істі ашып, Біләл Талқаттың тапсырысын әшкерелейді.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Атау беруде абай болған абзал

Бұрынғыдай емес, бүгінде ел көшелер мен елді мекендерге атау беру мәселесіне ойлана қарайтын болған. Жалпы, осы іске қатысты орын алған орашолақтықтар аз айтылып, кем жазылған жоқ. Алайда, өткір сын мен шынайы пікір қоғамдық ойға қозғау салды. Еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сөйтіп, «көшеге көкесінің, ауылға атасының» есімін беру секілді жағымсыз әрекеттерге тосқауыл қойылды. Атау берудегі қазіргі талап та, тәртіп те басқаша. Облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясы отырысында көше атауларын ретке келтіру мақсатында талқыланған жаңа атаулардың жобалық ұсынымдарына қарап, осыған көз жеткізе түскендей болдық.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен жиында Қордай, Меркі, Мойынқұм аудандарындағы ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші органдар төрағаларының осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы есептері тыңдалды. Жамбыл және Талас аудандарындағы көше атауларын өзгерту бойынша жобалық ұсынымдар қаралды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
empire games
темы wordpress