Шартарап

Шартарап

Түркияда Н. Назарбаев туралы
кітаптың таныстырылымы өтті

Түркия астанасы Анкарада ҚР Елшілігі түрік тілінде жарық көрген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – әлемдік ауқымдағы көшбасшы» атты кітаптың таныстырылымын өткізді.

Кіріспе сөз сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев аталған кітапта Түркияның мемлекеттік және академиялық қайраткерлерінің көзімен Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихын кеңінен көрсететін көрнекті түрік қайраткерлерінің бірегей материалдары, мақалалары, очерктері жинақталғанына назар аударды. Өз кезегінде сөз алған Хикмет Четин өзі 1990 жылдары Түркияның сыртқы істер министрі болған кезінде қазақ-түрік дипломатиялық қатынастарының қалыптасуының басы-қасында болғанын атап өтті. Өз сөзінде ТР бұрынғы мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек екі ел арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалады. Қазақстанның Президенті ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемінің көшбасшысы болып табылатын Н. Назарбаев туралы кітаптың жарыққа шығуы екі бауырлас елдің қарқынды дамып жатқан қатынастарына қосылатын тағы бір үлес болып табылатынын атап көрсетті.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Шартарап

Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерге монумент ашылды

Кеше елордада Қазақстан полициясы күні қарсаңында қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлер әскери қызметшілеріне арналған монументтің ашылу рәсімі өтті.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Шартарап

Жол қауіпсіздігінің аудиті
институты енгізіледі

Кеше Мәжілістің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» Заң жобасы талқыланған болатын.

Ондағы басты жаңалықтардың бірі — жол-көлік оқиғаларының орын алу тәуекелін тудыратын ақауларды ерте анықтау мақсатында жолдар мен автокөліктердің технологиялық дайындығын қадағалау. Осыған орай, дайындық сараптамасын өткізетін жол жүрісі қауіпсіздігінің аудиті институтын енгізу қарастырылуда. Аудит институты негізінен дер уақытында өзгерістер енгізу үшін жобалау кезеңінде немесе құрылыстың бастапқы кезеңдерінде жолдың техникалық жобасындағы қауіпсіздік қаупін анықтауға мүмкіндік береді. Заң жобасын әзірлеушілердің пайымынша, аудит институтын енгізу қауіпсіздікті арттыруға қатысты шығындарды едәуір үнемдеуге септігін тигізеді. Өйткені, ондағы тәжірибелер жол салу аяқталғаннан кейін емес, жол құрылысы барысында ескерілетін болады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жол салынып, ол қолданысқа берілгеннен кейін бір нәрсені өзгертуден гөрі оның кемшіліктерін жобалау немесе құрылысын салу кезеңінде жоюдың едәуір арзан болатынын айғақтайды. Сондықтан да, осы аудит институтын енгізу адами фактордан болатын жол апаттарын азайтуға септігін тигізеді.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Шартарап

Мұқан Төлебаевқа ескерткіш қойылды

Композитор Мұқан Төлебаевтың 100 жыл­дық мерейтойы ТМД көлемінде аталып өтуде.

Жұма күні туған өлкесі Талдықорған өңірінде композиторға арналған ескерткіштің ашылу рәсімі болып өтті. Гранит тастан жасалған ескерткіштің биіктігі – 3,5, ал, тұғыры 2,5 метр. Белгілі тұлғаны сомдауға мемлекет қазына­сынан 47 миллион теңге бөлінген. Ескерткіштің ашылуы сәтінде сөз алған композитордың туыстары халқына сыйлы азаматтың 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып жатқанына ризашылығын білдірді.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Шартарап

Елбасы жергілікті атқарушы органдар өкілеттігін кеңейтетін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктің қайталануын жоюға және жергілікті атқарушы органдар өкілеттігін кеңейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Шартарап

Өкілеттіктер аражігі ажыратылмақ

Парламент Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы екінші оқылымда қаралды.

Жоба еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату, жергілікті және орталық мемлекеттік органдар қызметінің қайталануын болдырмау қажеттігінен туындап отыр. Ол бойынша орталық мемлекеттік органдар арасында – 10 функция, орталықтан облысқа – 73, облыстан ауданға – 4, ауданнан ауылға 7 функция қайта бөлінетін болады. Нәтижесінде, орталықтан облыстық деңгейге өткізілетін өкілеттіктерге 620 штаттық бірлік беріледі. Салалық заң актілерімен ауылдық округ әкімдеріне 67 қызмет жүктеледі және олардың аппараттарын нығайту мақсатында орталықтан аймақтарға 4 369 бірлік, сондай-ақ, облыстық жергілікті атқарушы органдардан 500 бірлік беріледі.

Шаршы алаңнан жеңілмей кетті

Қазақстандық 29 жасар кәсіпқой боксшы Виталий Демьяненко өзінің спорттық мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.

«Себептер сан түрлі, соның ішінде медициналық көрсеткіштер де бар. Әлем чемпионы бола алмағаным өте өкінішті. Мен WBO рейтингінде төртінші тұрғанмын, тек бір қадам жасауым керек еді. Қазір Astana Arlans клубының менеджерімін. Бұл жұмыс маған өте қызықты», деді В. Демьяненко. Boxrec.com порталының статистикасына сүйенсек, шаршы алаңда ешкімнен жеңілмеген қазақстандық спортшы кәсіпқой рингте 22 рет жеңіске жетіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған екен.

Ауыл ғаламтормен толық қамтылады

«Қазақтелеком» АҚ келесі жылы еліміздегі барлық ауылдық жерлерді интернетпен толық қамтымақ.

Акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, бүгінде 707 398 мектептің 99 пайызы телефондандырылған, оның ішінде мектептердің 97 пайызға жуығы интернетпен қамтылған. Осы жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша еліміздегі телефон желісімен қамтылған мекемелер мен үй шаруашылықтарының саны 4 мыңнан асқан. Соңғы жылдары кең жолақты интернет желісінің іске қосылуы 30 пайызға өсіп, 1 300-ді құрап отыр.

Ұзақ өмір сүрудің алғышарттары

Алматыда өткен «Белсенді өмір сүру» атты І Халықаралық форумда Қазақстанда халықтың өмір сүру жасының орташа ұзақтығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы орта көрсеткіштен біршама төмен екендігі айтылды.

Қазақ тағамтану академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шармановтың айтуынша, форумда халықтың өмір сүру жасын ұлғайтуға қатысты жаңа көзқарастар қаралып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының есебі талқыланған. Жапония сияқты елдерде халықтың орташа өмір сүру жасы 90-ға жуықтаса, ол қазір Қазақстанда – 69, Ресейде 66 жасты құрап отыр. Т. Шарманұлының сөзіне қарағанда Өмір сүру орталығының сарапшылары ұзақ өмір сүрген адамдарды зерттеу нәтижесінде мынадай негізгі үш жайтты анықтады. Олар – адамның қоғамға жақсы көзқараспен қарауы, нерв жүйесінің тұрақты болуы және тамақтану режимін сақтауы.

Отандық Пежоға отыратын күн жақын

Астанада PSA Peugeot Citroen компаниясы, «АгромашХолдинг» АҚ және Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi арасында ынтымақ­тастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Қазақстанда Peugeot жеңiл автокөлiктерi мен коммерциялық көлiктерді шығара бастау 2013 жылдың шiлде айына жоспарланып отыр. Автокөлiк «АгромашХолдингтің» Қостанай қаласындағы базасында шығарылады», дедi Премьер-Министрдiң орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрi Әсет Исекешев меморандумға қол қою рәсiмiнде. Жоба аясында 150 жұмыс орны ашылмақ. Болашақта Peugeot автокөлiктерiнiң Қазақстандағы сатылымы жылына 10 мың бiрлiктен асып жығылуы мүмкiн. Жобаның бiрiншi кезеңiнде Peugeot 301, Peugeot 3008, Peugeot 508 және Peugeot Partner модельдерi өндірілетін болады.

Достық деп осыны айт!

Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы, Көшім орта мектебінде оқушылар арасында самбодан ашық турнир өтті. Жарыстың ерекшелігі сол – оны жетінші сынып оқушысы Дидар Еремин былтыр шала қатқан мұз үстінде сырғанақ теуіп жүріп, суға кеткен жан досы Сергей Шәкімовтің рухына бағыштап ұйымдастырды.

Жастайынан жетімдік тауқыметін тартып өскен, Сергеймен бір залда жаттығып, ажырамас дос болып кеткен Дидар еске алу турнирін өткізу жөніндегі ұсынысын жаттықтырушысына айтып, өзінің жәрдемақысынан 30 мың теңге берген. Балғын спортшының бұл бастамасына ерекше риза болған ұстазы Руслан Есенғалиев ұйымдастыру шараларына бел шеше кірісіп, жарысты ойдағыдай өткізді.

Өлген тотықұс үшін… өтемақы

Ұлыбритания тұрғыны сот арқылы әскери ұшақтың төмен биіктіктегі маневр жасауы салдарынан өлген үй тотықұсы үшін әскери-әуе күштерінен 2,2 мың фунт стерлинг өтемақы алатын болды.

Жапа шегушінің айтуынша, оның құсы үй үстінен ұшып өткен әскери ұшақ моторының гүрілінен күйзеліске ұшырап өлген. Қазіргі таңда Қорғаныс министрлігінде осы арызға ұқсас 200 іс қаралу үстінде. Олардың жалпы құны 1,5 миллион фунтты құрайды.

Интернет материалдары
бойынша дайындаған
Қуаныш ИЕМБЕРДИЕВ.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Шартарап

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу бойынша

Кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына әзірлік және мерекелеу жөніндегі негізгі шара­лар жоспарын пысықтау және келісу жөніндегі сарапшы топтың отырысы 6-7 маусым күндері Минскіде ТМД Атқару комитетінде өтуде.

Жоспар жобасына сәйкес мерекелік датамен байланысты Достастық мемлекеттері басшыларының ТМД елдері халықтарына және әлемдік қоғамдастыққа үндеуге қол қоюы және Ұлы Отан соғысының ардагерлерін бірыңғай ордендермен және мерейтойлық медальдармен марапаттау, Жеңістің 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу ұсынылады. Сондай-ақ, ұсыныстардың арасында – ТМД елдері мемлекеттік шекаралары бойымен Жеңіс эстафетасын және халықаралық еске алу вахтасын өткізу, соғыстың соңғы алты айының әрбір күні туралы «Азаттық» атты қысқа метражды деректі фильмдер сериясын әзірлеу, Достастық мемлекеттеріндегі соғыс қатысушыларының-майдандастардың теле және радиокөпірін ұйымдастыру шаралары бар. Мереке күні, 2015 жылы 9 мамырда ТМД елдерінің астаналарында Достастық мемлекеттерінің, Литва, Латвия, Эстония және антигитлерлік коалиция елдері ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің қатысуымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шерулер мен отшашу өткізу ұсынылады. Даңқты датаға әзірлік және мерекелеу жөніндегі негізгі шаралар жоспары жобасына соғыс қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау және Отан қорғаушылардың есімдерін мәңгі есте қалдыру мәселелері бойынша бөлімдер енгізілген.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Шартарап

Төле бидің 350 жылдығына орай
Ташкентте алғашқы шара өтті

Өзбекстан астанасында қазақтың ұлы данагөй абызы Төле бидің 350 жылдығына орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

«Төле би-Шайхантаур» кешенінде оның ұрпақтары, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің және қазақ диаспорасының өкілдері бас қосты. Олар ұлы биге тағзым етіп, атақты аталарына Құран бағыштады. Еліміздің Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бөрібай Жексембин, Республикалық интернационалды мәдени орталығының директоры Насреддин Мухаммадиев, ӨР Республикалық қазақ мәдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев және тағы басқа меймандар сөз сөйледі. Тарихи деректерге жүгінсек, Ұлы жүздің биі Төле өзі басқарған Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында сәулеттік нысандарды салуға белсенді түрде атсалысқан. Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкент қаласында, өзінің атасы Жүніс ханның жанына жерленген.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Шартарап

Бәсекелестік рейтингінің
бел ортасындамыз

Швейцариядағы Халықаралық менеджментті дамыту институтының (Institute of Management Development) мамандары жасаған жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтінгінде Қазақстан 34-орынға тұрақтапты.

Былтыр 32-орында болған Қазақстан осылайша екі сатыға төмендеп отыр. Керісінше Ресей алты сатыға (42-орын), Украина жеті сатыға (49-орын) көтерілген. Бірақ, олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейі Қазақстаннан әлі де төмен. Алпыс ел қатысатын әлемдік рейтингте биыл бірінші орын өткен жылы екінші сатыда болған Америка Құрама Штаттарының еншісіне тиіпті. Былтыр үшінші орынды қанағат тұтқан Швейцария да бір сатыға көтеріліп, екінші орынға тұрақтапты. Ал, былтырғы көшбасшы Гонконг бұл жолы үшінші орынға бірақ түскен.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Шартарап

Тағы бір «Алтын адам» табылды!

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында Алтын адамның сүйегі табылды.

Есік қорғанынан табылған Алтын адамдікіндей басындағы сәукелесі мен үстіндегі киімі әжептәуір, сүйегі сол қалпы жақсы сақталған. Бәрі де алтын зерлі. Құлағындағы алтын сырғасына, басындағы алтын сәукелесіне, мүйіз тектес өрнектеріне қарап, Семей педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, осындағы қазба жұмысын жүргізген студенттердің жетекшісі Амантай Исин: «Мұны III-V ғасырлардағы қола дәуірге, тіпті ғұн-сарматтар заманына жатқызуға болады», дейді. Сақ заманының билеушісінің қызы болуы мүмкін деген бұл Алтын адамды зерттеуші ғалымдар «Үржар ханшайымы» деп отыр.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
empire games
темы wordpress