Сұхбат

Бізде Менделеев кестесіндегінің бәрі бар

Еуропадағы бірнеше мемлекет сыйып кететін облысымыздың аумағы пайдалы қазба байлықтарға аса бай. Бүгінде аймақта болжанған 140 миллиард АҚШ долларына бағаланған кен қоры бар. Еліміздегі фосфор қорының дені облысымыздың аумағында орналасқан. Сондай-ақ, алтын, күміс, мыс, темір, уран және бариттың орасан зор қоры барланған. Құм, әктас, жалпақ тас, шағал, гранит, мәрмәр және гипс сияқты пайдалы қазба байлықтар облыс, елімізбен қатар шет мемлекеттерде де үлкен сұранысқа ие.
Облысымызда оларды барлау, өндіру, сөйтіп ел игілігіне айналдыруда елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Кейінгі кезде жер қойнауын игеруге ниет білдіруші әлеуетті мекемелер мен жеке кәсіпкерлер көбейіп келеді. Олар құзырлы орган өткізетін жер қойнауын пайдалану конкурстарына қатысуда. Ұтып алғандар келісімшартқа ие болып, жер қойнауын игеруге белсене кірісуде. Мұның өзі жер астындағы қазба байлықтарды ел игілігіне жаратуға игі ықпалын тигізуде. Облыста жер қойнауын пайдалану, пайдалы қазба байлықтарды игеру жайы қалай? Жамбыл аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының бастығы Тоққожа Сүйенішбаев осы сауалдар жөнінде әңгіме өрбітеді.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Көмекке аттанды

Биыл еліміздің барлық өңірлерінде жауын-шашынның түсуі жақсы. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысында қардың қалың болғаны баршаға мәлім. Көктемде ауа райының күрт жылынуына орай шығыс өңірінің таулы аймақтарында қар көшкіні, жазық жерлерінде су тасқыны қаупі бар. Осыған байланысты облысқа республиканың бірқатар аймақтарынан төтенше жағдайлар қызметкерлері көмек қолын ұсынуда.

— Шығысқазақстандық әріптестеріңізге көмекші

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Орман – табиғаттың таңғажайыбы

Оның экологиялық орны айрықша

Өңірімізде «Ормандарды күзету, қорғау, қорын молайту, жаңадан орман өсіру» бағытында іс-шаралар жоспары түзілген. Ол жұмыстар облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы есебінен жүргізіліп келеді. Әсіресе, көктем, жаз айларында қоршаған ортаны жасыл желекке айналдыруға баса көңіл бөлінетіні белгілі. Біз осы орайда кеңірек сөз қозғау мақсатында облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы
Болат Әмірғалиевпен сұхбаттасқан едік.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Төтеннен келген апаттан ТЖҚ құтқарады

Төтенше жағдайлар қызметі, аты айтып тұрғандай, адамдар төтеннен қиын жағдайға ұшырағанда, басына іс түскенде, әрекетсіздік күйге тап болғанда көмектесетін, құтқаратын қызмет. Ал, төтенше жағдайлардың түрі көп: ол — зілзала, тасқын су, дүлей дауыл, қар көшкіні сынды табиғат апаты, кездейсоқ жол апаты, жыртқыш аңға тап болу, улы жәндіктің шағып алуы… болып жалғасып кете береді. Тіпті адамның абайсызда өз пәтерінде құлыпталып қалуы да төтенше жағдай.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Көне Тараздың ғажайыптары

110817 448

«Тараз қаласының кіндігіне орналасқан базар астында ежелгі шаһар бар, тарихы мыңжылдықтарға ұласатын сол мұраны халықтың рухани игілігіне айналдыратын кез келді» деген әңгіменің айтылғанына көп болды. Мұндай ұсыныс хаттың бірі, тіпті, сонау 1937 жылы да жазылыпты. Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесіне 4 қазанда жолданған ол құжаттың басында «Об охране места расположения древнего города «Тараз» (базарная площадь гор. Мирзоя­на) деп тұр. Міне, жетпіс жылдан астам уақыт бойы жабулы жатқан осы мәселе облысқа әкім болып Қанат Бозымбаевтың келуімен қолға алынды.
Бірақ, қала тұрғындары арасында осы бір жақсы істі жақтаушылармен бірге, наразы топтар да пайда болды. Олар қазақ жерінде ежелгі өркениет үлгісіндегі ірі қалалардың болғанын, ондағы мәдениет пен өнердің, майда кәсіпкерлік пен сауда-саттықтың тамыры тереңде жатқанын әлем жұртшылығына танытуға деген құлшынысты түсінгісі келмей, «облыс әкімі тарихи қалашықты музейге айналдырамыз деген сылтаумен базардың орнын басып алуды ойлап отыр» деп даурықты. Дегенмен, екі мың жылдан асатын тарихы бар көне қалашықтың үстіндегі базар жаңа мекенжайға көшіріліп, көп жылдардан бері мемлекет қарауында тұрған тарихи орынға археологиялық қазба жұмыстары басталды.
Жақында облыс әкіміне жолығып, осы және басқа да мәселелер турасында бүкпесіз әңгімелесудің сәті түсті. Өңірдегі оңды өзгерістер мен ел үнемі құлағын түріп отырған «базар» мәселесі төңірегіндегі мәністі оқырмандарымыз облыс әкімінің өз аузынан білсін деп, сол сұхбатты жеткізуді ұйғардық.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Наурыз – тазалық пен тәртіптің айы

Наурыз – күн мен түн теңелетін Жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Ата-бабамыз аңсаған еркіндіктің арқасында кеңестік кезеңде тыйым салынған бұл мереке егемендіктің елең-алаңында қайта тойлана бастады. Халқымыз ұлық мерекеге балаған Наурыз тойы – табиғаттың түлейтін, жаңа күннің қуанышы. Наурыз – жаңғыру және жаңару күні. Барша жұрт көктем шуағымен шаттанып, табиғатпен бірге түлеп, өсіп-өркендеуге үндейтін ұлағатты мереке. Наурыз – береке мен бірлікті, тірлікті, жақсылық пен ізгілікті, қайырымдылық пен имандылықты уағыздайтын, туған Отанға деген сүйіспеншіліктің ұлы мейрамы. Ақ пейіл жұртымыз әманда Ұлыстың ұлы күні ақ дастарқан жайып, келушілерді ақ тілекпен қарсы алған. Елдің тыныштығы мен ынтымағын тілеген. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышып, араз жандар татуласып, қайта табысқан. Кейінгі кезде ол шын мәнісінде ұлық та басты мерекеге айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен Наурыз мейрамы 2011 жылдан бері халықаралық дәрежеде тойлануда.
Бұл мерекені 2000 жылдан астам тарихы бар көне Тараздың халқы да асыға күтеді. Барынша сән-салтанатпен атап өтуге, тойлауға күш салады. Міне, айтулы мерекені атап өтетін күн де таяу қалды. Биыл ол Таразда қалай тойланады. Қандай артықшылықтар мен жаңалықтар болады? Біз осы сауалдарды Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбековке қойған едік.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
empire games
темы wordpress