Облыстық әкімдікте

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Бос тұрған Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс жариялау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ

бос тұрған Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Мемлекеттік тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Барлық құрылыс бас жоспарға сәйкес жүргізілу керек

Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Қанат Бозымбаев төрағалық еткен мәжілісте елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеу және олардың сәулеттік келбетін жақсарту мәселелері талқыланды.

Бұл мәселе бойынша облыс әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Ахметов баяндама жасады. Оның ақпараты бойынша, 2011 жылы осы мақсатқа бөлінген қаржыға Жаңатас, Қаратау қалалары, Қордай және Төле би елді мекендерінің бас жоспарларының жобалау жұмыстары толығымен аяқталып, бекітілген. Сонымен бірге, 2012 жылы Сарыкемер, Аса және Луговой ауылдарының бас жоспарлары облыстық бюджеттен, Шу қаласының бас жоспары аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып, жобалау жұмыстары жүргізілген. Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен Б.Момышұлы, Мойынқұм және Меркі ауылдарының бас жоспарларын даярлауға қаражат бөлінген.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Марапаттау

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қарашолақовтың өкім-дерімен көпжылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының су ресурстарын үйлестіруді пайдалану және қорғау бөлімінің бас маманы Ашматулла Тәжібаев, облыс бойынша қаржылық бақылау инспекциясының №1 бақылау бөлімінің бас маман-бас бақылаушы-тексерушісі Жұмабек Бегалыұлы Сақыпбеков, облыс бойынша қаржылық бақылау инспекциясының №2 бақылау бөлімінің бас маман-бас бақылаушы-тексерушісі Ұласбек Үкібасов, «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Ірілендірілген Шу жол дистанциясы» филиалының директоры Қанат Донбайұлы Сүгірбаев облыстық мәслихаттың Грамотасымен марапатталды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Табысын жария етеді

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының бастамасымен мемлекеттік органдар басшылары мен орынбасарларының жеке табыстарын жариялау мақсатында «Өзіңнен баста» акциясы қолға алынғаны белгілі. Акция шеңберінде облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бастығы Салтанат Жамалбекқызы Омарбекова жеке кірістері туралы мәліметті жария етеді.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Бас редакторлар клубы құрылып, ережесі бекітілді

5213

Облыс әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес өзінің биылғы алғашқы отырысын өткізді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары, аталған кеңестің төрағасы Кәрім Көкірекбаевтың басшылығымен өткен жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Келеңсіз жағдай жойылды

«Ақ жол» газетінде ағымдағы жылдың 26 ақпанында Қаратау қаласының тұрғыны Қ. Әбітаевтың «Ұсыныс» айдарымен жарияланған «Автобусқа қаланың екінші басынан…» атты мақаласында көрсетілген «Қаратау-Тараз-Қаратау» бағытындағы келеңсіз жағдайлар орталық базардың көшірілуіне байланысты орын алған.

Қазіргі таңда аталған бағыттағы автокөлік қызметі дұрыс жолға қойылып, талаптағыдай атқарылуда. Жаңадан пайдалануға берілген А. Асқаров көшесінің аяғындағы облыстық орталық базар маңындағы автобекеттен автобустар аттанып, қайтарда осы орынға оралады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін автобекетпен қаланың түкпір-түкпірінен 13 қалалық қоғамдық көлік қатынасы орнатылған.
Сонымен қатар, бұл тұрғыда қызмет көрсететін «АзияБекетСервис» ЖШС-ның басшылығына қатаң ескерту берілді.
Рахманқұл Байтелиев,
облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Алаңдаушылық тудырып отырған ақиқат

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында ислам дінін насихаттауға еш еңбегі сіңбеген адамдардың атын ғибадат үйлері мен мешіттерге беру әдетке айналғандығы айтылды

Бесінші шақырылған облыстық мәслихат­тың кезекті ХІ сессиясында облыс қала­ларындағы шағын аудандардың жағдайы мен оларды жақсарту жолдары, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының орындалу барысы қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының, облыс әкім­дігінің басқармаларының, мекеме-кәсіп­орындардың басшылары, Тараз қаласы мен аудандардың әкімдері, Тараз қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары қатысты. Сессияға депутат Г. Орынбаева төрайымдық етті.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Шағын аудандар шет қалмайды

Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясы өтті. Оған Жуалы ауданындағы №17 сайлау округінен депутат Г. Орынбаева төрайымдық етті. Сессияның күн тәртібінде облыстың қалаларындағы шағын аудандардың жағдайы және оларды жақсартудың жолдары, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының орындалу барысы, облыстық мәслихаттың аймақтық, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауылшаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі тыңдалды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Оңтайландыру ісінің оң бағыты

Үкіметте өткен кезекті селекторлық кеңесте Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов хабарлама жасап, жоғары оқу орындарына қатысты жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, коммерциялық жоғары оқу орындары алдағы үш жылдың ішінде 66-дан 30-ға дейін қысқарады.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Тыныштықтың, ырыс-құттың, ынтымақтың негізі

Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың 

Наурыз мерекесімен құттықтауы

Қадірлі ағайын! Қымбатты жерлестер!

Ұлыстың ұлы күні –
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Жаңару мен жасампаздықтың мерекесі Наурыз – әлемдегі ұлт пен ұлысты, ел мен елді теңестіретін аса қадірлі күн. Бірлік пен бейбітшіліктің, татулық пен түсіністіктің, жақсылық пен бақыттың мерекесі ретінде бұл күн біз үшін ерекше қымбат.
Жер бетіне – Табиғат-ананың оянғанын паш етіп, тіршіліктің нұрын сеуіп, жақсылық атаулының жаршысы болып келетін бұл мереке бүкіл шығыс халқы кие тұтар қасиетті күн.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде көптеген ұлттың өкілдері елімізде бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Мемлекетіміздің ұлтаралық келісім мен берекелі бірлікке негізделген іс-әрекетін әлем жұртшылығы жоғары бағалауда. Жыл сайын жақсылық пен игі істердің бастауындай болған Наурыз мерекесі – халықтар арасындағы түсіністік пен татулықты орнықтырып, одан әрі дамыта түсетін біздің төл мерекеміз.
Тәуелсіз жас мемлекетіміздің жылдан-жылға өркендеп, экономикамыздың қарышты дамып, халқымыздың әл-ауқатының күн өткен сайын жақсара түсуі ұлттық бірлік пен татымды тірліктің нәтижесіндегі еңбегіміздің жемісі.
Ардақты ағайын!
Жыл басы – Наурыз мерекесімен сіздерді шын ықыласпен құттықтаймын! Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алып отырмыз! Осынау ұлы мерекеде елімізге тыныштық пен бейбітшілік, халқымызға игілік, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық, бірлік пен береке тілеймін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
empire games
темы wordpress