Басты жаңалықтар

Шудан Әділбек БАҚҚАРАҰЛЫ:

Енді қыста
қысылмайды

Ауданның коммуналдық қызмет саласы көп жылдар бойы техникадан тапшылық көріп келді. Қолда бар бірен-саран техниканың өзі тозығы жетіп, титықтаған еді. Енді, сол олқылықтың орны толды. Аудан бюджетінен бөлінген елеулі қаражатқа бір-бірден «УАЗ», «УАЗ фермер», бес орындық «Уаз» автокөліктері, вакумдық машина, доңғалақты экскаватор, жүк салғыш бульдозер, жүк арта-тын техника сатып алынды.
– Ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан ауда-нымызда қыс мезгілінде елді мекендерге жету қиын. Қар басқан жолды тазалайтын техниканы облыстан сұрауға мәжбүр болып келдік. Оған қоса, Шу өзенінің көктем мезгілінде арнасынан асып-тасуы ауыл тұрғындарын мазалайтын. Енді сол қиындықтарды болдырмас үшін мына техникаларды ұқыпты пайдалану керек, – деді аудан басшысы тиісті мекемелерге жаңа техникалардың кілтін тапсырып тұрып.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Саз төгіліп, жақыннан, қиырдан да…

4589

Бұл – дәстүрге, ұлттық әуендерге, демек, Қазаққа көрсетілген құрмет, ұлтты ұлықтау! Тотыдайын таранған ару Тараз екі күн бойы күмбірлеген күй мен асқақтаған ән қанатында, жел-қомына  Қаратау сарынын  теңдеп келген әдемі де аяулы күй көші үстінде тербетілді. 

Бағлан БӘБІЖАН,
музыка зерттеушісі,
әнші, сазгер:
–Тараз жерінде бұрын-соңды мұндай іс-шара болмаған, ең алғаш ұйымдастырылуы. Жалпы, дәстүрлі музыкамызды осындай насихат, концерт арқылы ғана халықтың санасына сіңіре аламыз. Әйтпесе, қазіргі елдің жаппай тыңдап жүргені, көбінесе, эстрадалық әндер ғой. Осы тұрғыдан алғанда, дәстүрлі музыкамызды жоғары деңгейге көтеру мақсатымен облыс әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық филармония бірлесе айрықша ауқымды іс тындырды. Халықаралық деңгейде мұндай дәстүрлі ән кеші, оның ішінде, бір мезгілде 1000 әншіге ән айтқызу шарасы алғаш жүзеге асырылды. Қырғыз, Түркия, Әзірбайжаннан, басқа елдерден келген қонақтарымыз бұған таңғалып, өздерінің жақсы пікірлерін білдіруде. Әрі фестивальге қатысушы қонақтар мен дәстүрлі әншілерді лимузинге отырғызып, алаңға үлкен қошеметпен алып келді. Ел тарихында эстрада әншілері мен киножұлдыздарымызға болмаса, бізге бұлайша құрмет көрсету ізеті болған емес. Мерекені ұйымдастырушыларға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

«Тараз» жартылай финалда!

1357

Жерлестеріміз ел кубогының 1/4 кезеңінде «Ақжайықты» 3:0 есебімен тізе бүктірді

Кеше Қазақстан кубогының
1/ 4 финалының кездесулері өтті. Өз алаңдарында тараздықтар – «Ақжайықты», керекулік «Ертіс» – қостанайлық «Тобылды», елордалық «Астана» – кеншілерді, «Ақтөбе» «Ордабасы» командасын қабылдады.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Тағайындау

242365789

 Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы бастығының бұйрығымен Қуаныш Сабырұлы ИЕМБЕРДИЕВ облыстық «Ақ жол» газетінің Директор – Бас редакторы болып тағайындалды.

Қ. Иембердиев 1961 жылы туған. Білімі – жоғары, 1987 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1981 жылы Шу аудандық «Шу өңірі» газетінің тілшісі болып бастады. Мойынқұм аудандық «Коммунизм таңы» газетінің тілшісі, облыстық «Еңбек туы» газетінің тілшісі, облыстық телерадиокомитетінің комментаторы, облыстық «Ақ жол» газетінің бөлім меңгеру­шісі, облыс әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің консультанты, облыс әкімінің баспасөз хатшысы, облыстық «Евразия» газетінің бас редакторы, облыстық телерадиокомитетінің бас редакторы, облыстық «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 2006 жылдан бүгінге дейін облыстық «Ақ жол» газеті Бас редакторының орынбасары, бірінші орынбасары болды.
Отбасылы, үш баласы бар.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

125 балдық баға бағынбай тұр

Ұйқыны бұзған ҰБТ өңірімізде қалай жүргізіліп жатыр? Жыл сайын жұрт жабыла шулап жататын тестілеудің айналасындағы алып-қашпа әңгімелердің биылғы ауаны қандай? Сынақ сұрақтары оқушының «оң жамбасына» келіп отыр ма? Расы керек, тестілеу жүргізілген алғашқы екі күннің қорытындысы (3-4 маусым) әзірге, қалыпты жағдайда. Бұл күндері облысымыздан 3422 мектеп бітіруші бақтарын сынап, жалпы есептегі орташа балл 74,37-ге жетіп отыр. Былтырғы нәтижемен салыстырмалы түрде алға ілгерілеушілік байқалады.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Тестілеу жүріп жатыр… Терең бойла!

12445

Кеше ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Алғашқы лекте республика бойынша 25 756 бітіруші, ал, облыста Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының және облыстық үш тілде оқытатын, дарынды қыз-балаларға арналған қазақ-түрік, Н. Тілендиев атындағы мектеп-интернаттары­ның 1132 бітірушісі сынақ тапсырды.

Талапкерлер жылдағыдай М. Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің гидрокешені базасында орналасқан тест өткізу пунктіне жиналды. Жалпы, бұл күні екі мыңға жуық тараздық таңмен таласа ұйқыдан тұрды десек, артық айтқандық емес. Талапкерлердің ата-аналары, туыс-бауырлары бәрі тілеулестік танытып, сол маңда жүр.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

«Ғұмырым, тұғырым, тұнығым» кітабы

«…Мен бұл естелік-толғаудан туған жерге деген өлшеусіз іңкәрлікті таныдым.
Мен бұл естеліктен Анаға деген шексіз құрмет пен ізетті көрдім.
Мен бұл естеліктен автордың исі қазақтың біртуар ұлдарына деген құрметті,
тағзымды аңғардым.
Мен бұл естеліктен даланың данагөйлік ғибраттарын оқыдым.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Біртұтастық бағыты – Елбасы айтқан елдікте!

432456

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы ұлттар татулығын ұйыта түсті

Еліміз төл тәуелсіздігінің жиырма екі жылы ішінде елеулі табыстарға қол жеткізді. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау еңсеріліп, дамудың даңғыл жолына қадам бастық. Ортақ Отанымыз Батыс пен Шығыс арасындағы алтын көпірге, әлемнің алпауыт мемлекеттерінің басшылары бір мәмілеге келетін бейбітшілік бесігіне айналды. Жас еліміздің халықаралық қауымдастық алдындағы абыройы асқақтады. Мұның бәрі де мемлекетімізде қалыптасқан ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімнің жарқын жемісі, осынау құндылықты өмір өзегіне айналдырған Елбасының айқын жеңісі. «Бірлігі бар ел озады» деген осы. Күні кеше Астана қаласында «Қазақстан-2050» Cтратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында татулықтың тамыры тереңге бойлап, бейбітшілік байрағы тағы да биіктей түсті. Ұлттарды ұйыстырған ұлы бақыттың ұлағаты бұл!

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Барлық іс-қимылдың мемлекеттік мүддемен үйлесімі

354657

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков облысымыздағы жұмыс сапарын Жуалы ауданындағы «Бурный сыр зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен танысудан бастады. Жуалы ауданының әкімі Батырбек Құлекеев министрге зауыттың жұмыс бағдары туралы қысқаша түсінік берді. Кәсіпорын агроқұрылымдардан және жеке тұрғындардан сүт қабылдап, оны өңдеп, сары ірімшік және сары майдың бірнеше түрін шығарады. Зауыт тәулігіне 75 тонна сүт қабылдап, өңдей алады. Олар 2009 жылы қаржылық лизинг арқылы өндірісті жаңарту және сүтті қағаз ыдыста шығару мақсатында «Tetra Pak» компаниясынан жаңа желі сатып алған болатын. Оны 2010 жылы наурыз айында іске қосу жоспарланған еді. Алайда, пастерлеу, сепаратор, тоңазыту генераторы, су мен сүт үшін сыйымдылық және сораптық жабдықтың болмауынан жаңа желі әлі күнге іске қосылмай тұр. Кәсіпорында оларды сатып алатын айналым қаржысы жоқ.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)

Шығанақтан Шуға жету мұң

324321

Қиырдағы Балқаш көлін жағалай қоныстанған Шығанақ, Мыңарал ауылдары өсу үстінде. Әсіресе, осында француздық компанияның инвестиция құюының арқасында «Жамбыл цемент» зауытының бой көтеруі өңірге жан бітірді. Енді жұмысы әлдеқашан тоқтаған Мыңарал балық зауыты қайта ашылып, Балқаштың дәмі тіл үйірер сары сазанына ау салмақ. Цемент зауыты жапан даладан көздің жауын алатын 90 пәтерлік шағын қалашықты пайдалануға берді. Ауыл тұрғындары үшін ең басты проблема болып келген ауызсу мәселесі ретімен шешілуде. Былтыр шығанақтықтар арман болған таза ауызсуға қарық болса, биыл әлі күнге көл суын ішіп отырған мыңаралдықтар осы игілікке қол жеткізбек. Бұған қоса Мыңарал ауылында 120 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталғалы жатса, Шығанақ кентінен 140 бүлдіршінге арналған балабақшаның құрылысы қолға алынуда. Соңғы 2-3 жылдың ішінде ғана Шығанақ кентінен жүзден аса жаңа жеке тұрғын үйдің бой көтеруі, сөз жоқ, халықтың әл ауқаты артып, демографиялық ахуалдың жақсарғанын паш еткендей.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
empire games
темы wordpress