Қазақ күресінің мерейі тасыған күн

Кең даланы жайлаған халқымыз бейқұт заманда кең жайлаудың төрінде ат жарыстырып, балуан белдестіріп, той-думанның да қызығына батқан. Толығырақ »

Тәуелсіздік тағылымын тану мерейлі мерекенің мәні осында

«Тәуелсіздіктің қайта оралғаны-біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Толығырақ »

Мәңгілік ел мұраты

Осыдан екі жыл бұрын, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы «Мәңгілік ел» Толығырақ »

Қызылшаның келісі – алты теңге

Шығынға батпауды ойлаған шаруа қожалығы 200 гектар қызылша егістігін қайта аударып, жүгері Толығырақ »

Хоум Кредит Банкінің филиалы ашылды

Тараз қаласында Хоум Кредит Банкінің филиалы ашылды. Бұл айтулы шараға аймақтағы Толығырақ »

 

Тәуелсіздік тағылымын тану мерейлі мерекенің мәні осында

«Тәуелсіздіктің қайта оралғаны-біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы». Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік тағылымы туралы еңбектерінің бірінде осылай деп ой толғаған еді. Иә,  азаттықтың арайлы таңы ұлан ғайыр жазираны шұғылалы шуағына малындырып, әр шаңырақтың шаттығын шалқыта түсуде. Бұдан асқан баға жетпес байлық болмаса керек, сірә! Кеше Тәуелсіздік күні мерекесіне арналып «Баласағұн» орталық концерт залында өткен салтанатты жиынға қатысушылардың жүзінен  осындай асқақ сезімнің  ұшқыны айқын аңғарылып тұрды. Мәдениет ошағының мерекеге сай безендіріліп, төңіректің тұтастай ән мен күйге бөленуі көптің көңілін одан бетер шалқытып жіберді.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.

20 желтоқсан – индустрияландыру күні

Кеше Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен кезекті селекторлық кеңесте Индустрияландыру күніне әзірлік барысы қаралды. Ол күн биыл 20 желтоқсанға белгіленген болатын. Жиында хабарлама жасаған Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев биыл 79 жоба Индустрияландыру картасына енгізілгенін, олардың бесеуі телекөпірге қатысатынын айтып өтті. Соның бірі – өз өңіріміздегі «Құрылыс-Полимер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс материалдарын өндіретін зауыты.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.

Ең ұлық мереке

Облыс әкімі Қ.А.Бозымбаевтың
Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігі күні Ұлттық мерекесіне орай облыс тұрғындарын құттықтауы

Ардақты ағайын!
Қадірменді облыс жұртшылығы!
Баршаңызды ел өміріндегі орны бөлек Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – көпұлтты еліміздің халқы үшін ең ұлық мереке. Бұл күнді барша қазақстандықтар әрқашан асыға күтеді. 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданып, жас Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған еркіндігіне жетіп, тарих сахнасынан өз орнын алды. Сол күннен бастап егемен еліміздің көгінде азаттықтың туы желбіреп, шаңырағымызға тәуелсіздіктің ақ құсының қонғанына биыл жиырма екі жылдың жүзі болды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.

Мәңгілік ел мұраты

Осыдан екі жыл бұрын, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы «Мәңгілік ел» салтанат қақпасын ашып тұрып, «Ата-бабамыздан бері қарай алты алаштың ұлы жиналып, тасқа таңбаларын басатын болған. Сол таңба басатын – мынау салтанатты қақпа. Астана деген сөздің өзі «табалдырық», «босаға» дегенді білдіреді. Қазақта «табалдырықтан биік тау жоқ» деген сөз бар. Мінекей өткен 20 жылдағы жетістіктеріміздің белгісі, қақпадан аттап, келесі 100 жылдыққа, 1000 жылдыққа, аттайтын «табалдырық» ретінде, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасын ашайын деп отырмыз. Осы ісіміз, осы ойымыз құтты болсын, ағайын!» деп тебірене сөйлегені күні бүгінге дейін бұқараның жадында. Ені мен биіктігі 20 метрді құрайтын, аумағы 1000 шаршы метрді алып жатқан, «Тай қазан», дулығалы батыр мен бүгінгінің сарбазы, тағы да басқа көптеген төл нақыштарымызбен әдіптелген еңселі қақпа отандастарымыздың кеудесінде мақтаныш сезімін маздатып, ертеңге деген сенімін нығайта түскені жасырын емес.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.

Ауданда қос балабақша ашылды

Кеше Ақтөбе ауылында 50 орындық «Балбөбек» және Б. Момышұлы ауылында 145 орындық №5 «Балдырған» балабақшалары ашылды. Бұл жуалылықтар үшін Тәуелсіздік мерекесіне жасаған үлкен тарту болғаны анық. Өйткені, ауданда балабақша кезегінде тұрғандар саны 195-ке азайып отыр. Енді, балғындар барлық жағдай жасалған мектепке дейінге мекемеде тәрбиеленеді.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.

Мереке қарсаңында марапатталды

Желтоқсан айының ызғарлы суық күндері көп болғанымен, айрықша көңіл-күй сыйлайтын шақтары да бар. Және ол жай мерекелер емес. Елдік болмысымызды айғақтап, тарих сахнасында қалатын сәттер. Сондай мән-мазмұны жоғары мейрамдардың бірі – Тәуелсіздік күні.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.

Басқосудың басты тақырыбы

Тарих таразысына салғанда өте қысқа мерзім болып есептелетін жиырма екі жыл – тәуелсіз қазақ елі үшін өрлеу кезеңі. Осы жылдар аралығында мемлекетіміз маңызды стратегиялық құжаттарды қабылдады. Сөйтіп, даму даңғылына бастайтын бағытқа бет түзеді. Бұл белеске халқымыз қалай жетті? Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде өткен конференцияда осы тақырып кеңінен қаузалды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.

Баянды болғай!

Құрметті жамбылдықтар, құрметті сайлаушылар!

Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.Еліміздің жалынды жастары Желтоқсанда бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Дәйім осы биіктен көріне беруге жазсын.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.

Бақытымыздың бастауы

Құрметті жамбылдықтар!

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.

Ақиқатқа айналған арман

…Жылқы баққан әкесі баласын бір тұстағы тұмаға ертіп келеді. Жартас арасынан бұрқылдап шығып жатқан қайнарға жас жігіт бетін батырып ұзақ тұрады. Сол сәтте әкесі осы бастаудың дарияға айналуын іштей тілейді. Ұлы Сұлтан болса сол арманды ақиқатқа айналдырады. «Евразия» кинотеатрында көрсетілген «Елбасы жолы» трилогиясының «Отты өзен», «Теміртау» фильмдері осы шындығымен ерекшеленіп, барша көрерменнің ықыласына бөленді.

Digg This
Reddit This
Stumble Now!
Buzz This
Vote on DZone
Share on Facebook
Bookmark this on Delicious
Kick It on DotNetKicks.com
Shout it
Bookmark this on Technorati
Post on Twitter
Google Buzz (aka. Google Reader)
No tags for this post.
empire games
темы wordpress