«Ақ жолдың» ақылы қызметін пайдаланыңыз!
Құрметті оқырман!
Тоқсан екі жылдық тарихы бар облыстық «Ақ жол» газеті – өңірдегі ең көп таралатын беделді басылым. Жұртшылықтың облыстағы бірінші басылымға деген сұранысы да өсіп келеді. Осыған қоса газетіміздің ақылы қызметін пайдаланушылар саны да арта түсуде.
Оқырмандарымыз «Ақ жолда» жарнама, хабарландыру жариялау жайын сұрастырып хат жазып, телефон шалып жатады. Осыған орай көпшілікті жарнамалық қызмет көрсетуіміздің жай-жапсары мен бағаларынан хабардар етпекпіз.
Жарнама, хабарландыру мәтіндерін мүмкіндік болса редакцияға әкеліп, қолма-қол тапсырған дұрыс. Ал, шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын оқырмандарымыздың газетке қандай да бір хабарландыру (құттықтау, еске алу, қазанама, мұрагерлікті ресімдеу, құжат жоғалту, т.с.с.) бермек ойы болса, ол үшін біздегі телефон/факске (43-32-50) немесе электрондық поштаға ([email protected]) байланысқа шығып, тиісті хабарламасын жібере алады. Төлемақысын газеттің соңғы бетінде көрсетілген банктік реквизиттер бойынша кез-келген банк немесе пошта арқылы жіберуге болады. Төлем түбіртегінің көшірмесін де факс немесе электрондық пошта арқылы салуды ұмытпаған жөн.
Бір ескерте кететін жай, құжаттардың (аттестат, диплом, жер актісі, сатып алу-сату келісім-шарты, т.б.) жоғалғаны туралы хабарландыру берген кезде міндетті түрде оның көшірмесі, болмаса тиісті орындардан анықтамалық қағаздары болуы керек. Сондай-ақ көңіл айту, қазанама мәтіндеріне де ресми түрде (мекеме, ұйымдардан) қатынас хат қажет, ал, жеке адамдардан болса онда жеке куәлігі болуы шарт.
Тағы бір тоқталатын мәселе мынау. Редакцияға ата-анасын, туған-туыстарын, жолдастарын құттықтап немесе бақилық болған жақын адамдарын еске алып, ол туралы мақала жазып жолдайтындар да аз емес. Сондықтан, газеттің мұндай қызметі ақылы екенін еске сала отырып, жарнама, хабарландырулардың бағасын (қосымша құн салығын қоса есептегенде) төменде оқырмандар назарына ұсынып отырмыз:
Ұйымдар мен кәсіпорындардың, оқу орындарының жарнама-хабарландырулары, қызметін насихаттайтын материалдары, кеңестері, заңды тұлғалардың ұжым мүшесін құттықтайтын, еске алатын материалдары (1 см2): сейсенбі, сенбі күндері – 165 теңге; бейсенбі, мерекелік нөмірге – 220 теңге.
Бірінші бетте жарияланатын мақала, хабарландырулар (1 см2) – 550 теңге.
Басқа облыстардан берілетін мақала, хабарландырулар (1 см2) – 350 теңге.
Құттықтау (жеке адамдардан, 40-50 жол) – 10000 теңге.
Еске алу (жеке адамдардан, 40-50 жол) – 10000 теңге.
Көңіл айту: қолма-қол – 10000 теңге; аудару арқылы – 15000 теңге.
Қазанама: қолма-қол – 15000 теңге; аудару арқылы – 20000 теңге.
Асқа шақыру туралы хабарлама – 15000 теңге.
Жеке адамдардың хабарландыруы (сату, сатып алу, айырбастау, алғыс айту, құжатты жарамсыз деп тану (тиісті құжаты болған жағдайда) – 3000 теңге.
Мұрагерліктің ашылуы туралы хабарлама – 2000 теңге.
Жеке кәсіпкерлердің мөрі немесе бұрыштамасының жоғалуы, қызметін тоқтатуы, т.б. хабарландыруы (тиісті құжаттары болған жағдайда) – 5000 теңге.
Заңды тұлғалардың мөрі немесе бұрыштамасының жоғалуы, банкрот болуы, таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, т.б. хабарландыруы (тиісті құжаттары болған жағдайда) – 6000 теңге.
«Ақ жолдың» жарнамалық қызметі – телефон/факс: 8 (7262) 43-32-50,
электрондық пошта: [email protected]