Б. Сағынтаев: Еуроодақ аясында тараптардың егеменді теңдігі, құқықтық және ұлттық мүдделері сақталады

Б. Сағынтаев: Еуроодақ аясында тараптардың егеменді теңдігі, құқықтық және ұлттық мүдделері сақталады

Биылғы мамырда Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерiнiң басшылары ЕЭО құру туралы шартқа қол қояды деп жоспарлануда. Осы орайда   ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бірқатар Үкімет мүшелері тілшілер қауымының көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бірден Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан тәуелсiздiгiне қауiп төндiрмейдi деп мәлімдеді. Яғни ол бұл тұрғыда ЕЭО саяси одақ емес екенін қадап айтты.   «Еуразиялық экономикалық одақ — тек қана экономикалық бiрлестiк. Ең бастысы — ЕЭО саяси ұйым емес. Мұнда тек экономикалық әрiптестiк жасау көзделген», — деп атап өттi вице-премьер.

  Б. Сағынтаев   келiссөздер барысында қазақстандық команда одақтың саясилануына, ұлттық құзыретке және ұлттық тәуелсiздiк мәселелерiне тиесiлi тақырыптардың талқылануына жол бермеу жөнiнде нақты ұстанымдарын белгiлеп алғанын, жалпы экономикалық емес тақырыптарға шектеу қойылғандығын жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>