«Қазақстан – 2050»

«Қазақстан – 2050»

жалпыұлттық қозғалысы  ел дамуына игі ықпалын тигізбек

Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында айтылған міндеттерге орай, өткен жылдың желтоқсан айында «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. Қозғалыстың негізгі жұмысы – Елбасымыздың ұсынған саяси бағытына қолдау көрсете отырып, еліміздің әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосылуына ықпал етуге бағытталған. Осыған орай, бірлестік ел дамуына игі әсерін тигізетін түрлі сала бойынша он жобаны жүзеге асыруды межелеп отыр. Қозғалыстың құрамы да сантүрлі сала мамандарынан құралған. Олардың қатарында инженер, кәсіпкер, дәрігер, білім қайраткерлері мен өзге саланың өкілдері де бар. Ақмола облысынан бастау алған қозғалыс мүшелері бүгінде еліміздің барлық аймағын аралап, Елбасы Жолдауы мен «Қазақстан – 2050» Стратегиясының басым бағыттарын халық арасында насихаттап түсіндіріп, жиындар өткізуде.
Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен, «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы Кеңесінің мүшелері М. Манкеев пен А. Жұмабаев Тараз қаласына да келді. Олар алдымен М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің белсенді жастарымен жиын өткізіп, жұмысын жаңадан бастаған қозғалыстың мақсатымен, жүзеге асырылып жатқан жаңа жобаларымен таныстырды. Жастарды ашық әңгімеге тартып, пікір алмасты. Келесі кезекте қозғалыс мүшелері «Достық» үйіне атбасын бұрып, облыстың зиялы қауым, әлеуметтік сала мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, кәсіпкерлер және облыстық ассамблея өкілдерімен жиын өткізді. Басқосу барысында еліміздің бүгінгі даму бағыты, жастар тәрбиесі, ауыл жастарының ахуалы, білім және денсаулық сақтау салаларындағы проблемалар, халықтар арасындағы достық жайында келелі әңгіме өрбіді. Бұл жөнінде Тараз мемлекеттік университетінің оқытушысы З.Құламанова, облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің жетекшісі М.Тұрдиева және басқалар өз ойын ортаға салды.
Жиында әңгімеге арқау болған мәселелердің барлығы Елбасымыздың Жолдауында айтылған жарқын бастамалар мен аталмыш қозғалыстың мақсатымен де үндестік тауыпты. Зиялы қауымды қуантқан да осы жай болды.

Фариза ӘБДІКЕРІМОВА
«Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>