Елде болса ерінге тиеді

Елде болса ерінге тиеді

әр күн, әр сағат тиімді пайдаланылуда

Жамбыл ауданында қазірге дейін көктемгі егіске жер дайындау көрсеткіші 50 пайыздан асқан.
Ал, жаздық арпа себу бүгінгі таңға 40 пайызды құрайды. Аудан әкімі Рүстем Дәулет көктемгі дала жұмыстарымен танысты.

Ол алдымен «Пионер» өндірістік кооперативіндегі «Айкүміс» алқабында болып, тұқым себудің қызу қарқынмен жүргізіліп жатқанын көрді. Шаруашылық басшысы Алпысбай Жұмаханов:

– Жоспарға сәйкес жер дайындауды толық бітірдік. Оны тырмалау, дақыл тұқымын себуді ауа райы кедергі етпесе, төрт-бес күнде аяқтаймыз. Бүгінгі күнге 85 гектарға арпа себілді. Жоспарымыз – 300 гектар. Мамандарды да, механизаторларды да таңның атысы, күннің батысы егістік басынан көресіз. Әрине, мұндайда бас агроном Әлиомар Есенаманов пен бригадир Әбдіманап Қошмановтың еңбегін айтпасқа болмас. Екеуі де тәжірибелі, білікті, білімді мамандар. Биыл ауа райы қарасып тұр. Жерде ылғал мол. Әйтсе де, бірде батыстан, бірде шығыстан тұрған жел жерді кептіріп жібермесе екен дейміз. Бұл егінмен айналысатын әр диқанның тілегі болса керек, – деді.
Алқаптағы диқандардың қимылына риза кейіп танытқан Рүстем Рысбайұлы:
– Осы қарқындарыңыздан таймаңыздар. Егер арпа тұқымы жетпей жатса, қарастырамыз. Сіздердің де, біздің де ойлағанымыз – халықтың қамы. «Елде болса ерінге тиеді» – деді.
Бұдан соң аудан басшысы Тастөбе ауылына бағыт алды. Мұнда да қызу еңбек. Дала төсінде тер төгіп жүрген «Қызылдиқан» өндірістік кооперативінің егіншілерінің қимылдары ширақ.
Аудан басшысы күздік алқабына тоқтады. Егін шығымы жақсы. Одан кейін ауыл маңындағы жазықта жаздық арпа себу барысымен танысты.
«Қызылдиқан» ӨК төрағасы Нуриддин Бегманов:
– Әр күн, әр сағатты тиімді пайдаланудамыз. Жаздық арпаны 250 гектар алқапқа орналастыруды көздеп отырмыз. Күздік бидай 500 гектарға егілген. Науқанды үш-төрт күнде аяқтауды межелеп отырмыз, – деді.

Жамбыл ауданы.

Дүйсенбек ОРМАНОВ,
журналист.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>