Басылымға жаңа басшы тағайындалды

Басылымға жаңа басшы тағайындалды

Белгілі жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Көсемәлі Сәттібайұлы облыс баспасөзінің қара шаңырағы – «Ақ жол» газетінің директор-бас редакторы қызметіне тағайындалды.
Жаңа басшыны облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков және облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова бастап келіп, редакция ұжымымен таныстырып, орынтағына отырғызды.
Бекболат Серікбекұлы газет ұжымына табыс тілеп, бас редактордың шығармашылық қызметіне кеңінен тоқталды және облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың ұйғарымымен жаңа қызметке тағайын­далған басшыға ауқымды міндеттер жүктеді. Ол сөзін:
– Терең тарихымен, оқырмандарының көптігімен облыс баспасөзінің арасында көш бастап келе жатқан басылымнан халық қашанда тұшымды дүние күтеді. Алдағы уақытта да газеттің мазмұнын, сапасын жақсарту бағытында барлықтарыңыз жұмылып, шығармашылық ізденіспен еңбек ете берулеріңізге тілектеспін, – деп түйіндеді.

«Ақ жол» – ақпарат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>