Ақ тілек, пәк үмітпен…

«Тараз Холл» мейрамханасында облыстық іскер әйелдер қауымдастығының Жаңа жылдық мерекелік кеші өтті. Оған өңірдегі еңбегімен еленіп, түрлі салада тындырымды тірлігімен көзге түсіп жүрген іскер әйелдер, қыз-келіншектер қауымы және арнайы шақыртылған қонақтар қатысты. Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған думан дастархан басында әдемі көңіл-күйге бөледі.
Облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев аталмыш кештің құрметті қонағы атанып, іскер әйелдер қауымын 20 жылдық мерейтойларымен және келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Кәрім Нәсбекұлы өңірде жыл бойы атқарылған игі істерді, облыстың даму негізін айғақтайтын көрсеткіштерге тоқталып, ондағы барлық жетістіктерде нәзік жандылардың да үлесі барын жеткізді.
Сондай-ақ Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева сөз алып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Ол біздің өңірдегі іскер әйелдердің белсенділігінің жоғары екенін және ел көлемінде жамбылдық арулардың мәртебесінің биіктігін айтып, мерейін тасытты. Өзге де қонақтар ақ тілектері мен ыстық ықыластарын білдірді.
Жиылғандар табысты өткен тауық жылына ризашылығын білдіріп, алдағы жылы да жақсылықтарға толы болсын деп, Жаңа жылды ақ тілек, пәк үмітпен қарсы алуға ниет етіп тарқасты.

Жанғазы АХМЕТ

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>