Әсеттің жұлдызы жарқырады

Республикалық «Алтын домбыра» айтысында жүлделі үшінші орынды жеңіп алды

Ақтөбе қаласында өткен «Жыр арқауы – Жаңғыру» атты республикалық ақындар айтысынан ақжолтай хабар жетті. Бұл аламан айтыста ақындар жыл қорытындысын шығарып, алтын домбыра иесін анықтады. Жылдың басты жыр додасы саналатын айтыста жерлесіміз, айтыскер ақын Әсет Дүйсебаев жүлделі үшінші орын биігінен көрініп, көптің қошеметіне ие болды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осындай жеңіске қол жеткізіп, барша жамбылдықтардың мерейін асырған Әсет – тәуелсіздіктің төл құрдасы. 

Ақындардың өрелі өнері, өрнекті сөздері арқылы тәуелсіздік мұраттары мен құндылықтарын насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын көпшілікке паш ету, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақтың төл өнері, құдіретті сөзі арқылы мемлекеттік тілдің мерейін арттыру мақсатына негізделген жыр додасына он ақын қатысып, бақ сынасты.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен айтыс додасында Қазақстанның халық ақындары Қонысбай Əбіл, Əселхан Қалыбекова бастаған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қойшығара Салғараұлы, ақын Мейірхан Ақдəулет секілді қазылар алқасы тақырыпты терең қаузап, әдемі айтыс жасай білген ақындарды іріктеді. Нәтижесінде Жандарбек Бұлғақов жеңімпаз деп табылып, екінші мәрте «Алтын домбыра» (3 миллион теңге) иегері атанса, Сырым Әуесхан бірінші орынды (2 миллион теңге) қанжығасына байлады. Ал екінші орынды Жарқынбек Наушабек (1 миллион теңге) жеңіп алса, жүлделі үшінші орынды (750 мың теңгеден) жерлесіміз Әсет Дүйсебаев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысовалар өзара бөлісті.

Жанғазы АХМЕТ

 

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>