Тараздық данышпан балақай әйгілі Стивен Хокингпен кездесті

тараз қаласында тұратын
15 жастағы данышпан бала Исаак Мустопуло атақты ұлыбританиялық физик-теоретик Стивен Хокингпен кездесті. Сал ауруына шалдыққан Исаак Мустопуло Ұлттық инновациялық конкурста арнайы жүлде иеленген болатын.

Кездесу Британ кеңесі мен «Эйр Астана» ұйымдастырған Ұлыбританиядағы оқу-танымдық сапар кезінде өтті. Исаак Британ кеңесі және технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі (NATD) ұйымдастырған STEM Ұлттық инновациялар конкурсында «Үйлесімдер теориясы» атты бейнебаяны үшін арнайы жүлдеге ие болған. Өз бейнебаянында ол ғарыш аппараттары үшін электр қуатын өндіру жолын сипаттап берген. Сонымен бірге, Исаак профессор Стивен Хокингпен кездескісі келетінін айтқан еді. Баланың арманы бұрынғы инвестициялар және даму министрі, Астананың қазіргі әкімі Әсет Исекешевтің және «Эйр Астана» президентінің арқасында орындалды. Олар Исаактың Лондонға баруы үшін Британ кеңесімен өзара келіскен.
«Стивен Хокингтің ғылыми- зерттеулері мен ғылымға қосқан үлесі маған шабыт беріп жүрді. Оның үлгісі арқылы мен кез келген адам физикалық жағдайына қарамастан биік жетістіктерге жете алатынын түсіндім. «Үйлесімдер теориясы» бойынша ұзақ еңбектендім, ал инновация конкурсы туралы естігенімде өз еңбегімді көпшілікке таныстырып, мүмкіндігің шектеулі болғандығы арманыңа жету жолында бөгет болмайтынын дәлелдеуге жақсы мүмкіндік екенін түсіндім», – деп келтіреді Исаак Мустопулоның сөзін Британ кеңесі.
Еске салайық, тараздық оқушы мен ағылшын ғалымының кездесуі 2016 жылдың 8 желтоқсанында өту керек болатын. Ол кезде қазақстандық оқушының сапарын 2017 жылдың 21 қаңтарына шегерген еді. Осыдан кейін Стивен Хокингтің сырқатына байланысты кездесу белгісіз уақытқа шегерілгені хабарланған.
Kaz.tengrinews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*