Тараз қаласына жылу жылдағыдан ерте берілді

Тараз қаласында жылытуды айрықша қажет ететін әлеуметтік нысандарға 7 қазаннан бастап жылу беріле бастады.

Еліміздегі ірі мегаполистердің өзінде кешеуілдеп отырған бұл істің өңірімізде әдеттегіден бұрын қолға алынуы әбден құптарлық. Көршілес Оңтүстік Қазақстан облысында жылу әлі берілмеген. Алматыда жеке тұрғын үйлер пеш жаға бастағанымен, көп қабатты тұрғын үйлерде жылу жоқ.
Өңірлік коммуни-кациялар қызметінде өткен брифингте Тараз қаласы әкімінің орынбасары М.Ахаев:
– Жалпы, қаладағы жылу жүйесінің ұзындығы 247 473 километрді құрайды. Осы орталықтандырылған жүйеге барлығы 1202 көп пәтерлі тұрғын үй қосылған.

Оның 876-сы «Таразэнергоорталық», 55-«ЖГРЭС» АҚ-ларына, 163-і «Жамбыл Жылу», 98-і «Теміржол Жылу» мемлекеттік-коммуналдық мекемесіне, 10-ы «София» ЖШС-на қарайды. Бүгінгі таңда қаладағы тұрғын үйлер жылыту маусымына түгел дайын әрі паспорттары да әзірленген, – деді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 105 әлеуметтік нысан мен 720 көп қабатты тұрғын үй жылуға қосылған. Яғни көрсеткіш 65 пайызға орындалып отыр. Қалған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар 15 қазанға дейін жылуға қосылатын болады.
Осы тұрғыда Мақсат Кеңесханұлы жылу өндіруші және жеткізуші мекемелер жылуды үй нысандарының элеваторына дейін ғана жеткізіп бере алатынын, ал одан әргі үйішілік желінің өткізгіштігі мен ақаусыздығын пәтер иелерінің өздері жүзеге асыруы тиістігін еске сала келе, «Бүгінде көптеген пәтерлердегі тік құбырлар мен шойын батареялар ауыстыруды қажет етеді. Құбыр желілерінің ескіріп тозуы, бітелуі жылудың бір пәтерден екіншісіне кедергісіз жетуін де қиындатады. Осымен байланысты туындайтын қиындықтар үй ағаларының тұрақты назарында болуға тиіс. Жалпы, қалада үйлерді жылуға қосу белгіленген кестеге сай жүргізілуде», – деді.
Ол жеке тұрғын үй секторында газ бен қатты отын жағу кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы қажеттігіне де тоқталып, журналистер тарапынан қойылған басқа да сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.

Баймаханбет ахмет,
«Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>