«Нұрлы әлем» сферасы мұражай болады

2017 жылғы 11 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралы-ғында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аумағындағы халықаралық павильондардың бөлшектеу жүргізіледі. Қатысушы мемлекеттер көрме ұйымдастырушыларына павильондарды бастапқы түрде тапсыру мақсатында экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдар бөлшектеуін, сондай-ақ, тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет.
Аталған процесс 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. Сәулет департаменті мен халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті бөлшектеу үдерісіне бақылау жүргізеді. Көрменің басты нысаны – «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады.
115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымдар қатысқан «Астана «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 қыркүйекте аяқталғанын еске саламыз.
Алдын ала болжам бойынша 2 миллион келушілер күтілген, алайда, келушілердің жалпы саны 3 977 545 адамды құрады.
«Ақ жол-Ақпарат».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>