Қуатты Құс фабрикасының қадамы қуантады

Бұдан екі ай ғана бұрын іске қосылған «Аса Даму» ЖШС-ның құс фабрикасы өзінің өндірістік қуатын арттыру үстінде.
Жобаның жалпы құны – 1,8 миллиард теңге, жылына 280 тонна тауық етін өндіру әлеуетіне ие. Жамбыл ауданының Еңбек ауылында орналасқан бұл құрылым өңірдегі болашағы бар инвестициялық жобалар шоғырына да енген. Ал мұндағы құны 914 миллион теңгені құрайтын жұмыртқа өнімдерін өндіру жобасы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Құс фермасына ресейлік және еуропалық заманауи қондырғылар орнатылған. Қазір мұнда Ресейдің Кемерова облысынан сатып алынған голланд тұқымды 90 мың тауық бар. Олардан күніне 75 мың жұмыртқа алынады. Қазіргі уақытта кәсіпорында құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Өнімді өңдеу мен сұрыптауға арналған құрылғылар Голландиядан жеткізілмек. Таяу арада кәсіпорын толық қуатында іске қосылып, күніне 210 мың жұмыртқа өндіретін болады. Кәсіпорын желісінің кеңейтіліп, тауық санының бұдан әрі де көбейтілуі жылына 80 миллион дана жұмыртқа өндіруге мүмкіндік бермек.
Қазіргі таңда кәсіпорын 40-қа жуық жергілікті азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Толық қуатында жұмыс істей бастаған кезде қосымша тағы да осыншама жұмыс орны ашылмақ. Фабрика өнімдеріне Жамбыл мен Алматы облыстары тұрғындары тарапынан сұраныс жоғары. Құс фермасының басшылары жұмыртқа өнімдерін Иран мен Ауғанстан елдеріне экспортқа шығаруды да жоспарлауда.
Облысымызда үй құстарының саны былтыр бір миллионға, жеке шаруашылықтардың жылдық жұмыртқа өндіру көрсеткіші 110 миллионнан астам данаға жеткен болатын. Ал биылғы жылдың басында құс шаруашылықтарының жұмыртқа өндіру көрсеткіші өңірімізде өткен жылғымен салыстырғанда 43, 5 пайызға артқаны байқалуда.
Бұл іске «Аса Даму» серіктестігі ұжымының да қосып отырған үлесі қомақты-ақ.

«Ақ жол-Ақпарат».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>