«Әлем барысында» ел намысын кімдер қорғайды?

Ертең қазақ күресінен елордамыз Астанада «Әлем барысы» додасы өтетіні белгілі. Айтулы аламанға ел атынан бес балуанымыз қатысатын болды. Жаттықтырушылар кеңесі кеңесе келе биылға «Қазақстан барысы» додасында топ жарған Еламан Ерғалиев, Ержан Шынкеев, Айбек Нұғымаров, Дәурен Нұралинов, Айбат Сейтен секілді саңлақтарға сенім артуды жөн деп ұйғарыпты.
40 елдің саңлақтары топқа түсетін байрақты бәсекенің бірінші жеңімпазы кубалық Брайсон Видаль да осы додаға қатысатын көрінеді. Жүлде қоры 30 миллион теңгені құрайтын дуы басым жарыста қазақ балуандары ел абыройын асырады деген ойдамыз. «Барыс Аренада» өтетін мегажоба «Қазақстан», «Қазспорт» телеарналарымен қатар, Түркияның «TRT Avaz», Ресейдің «Матч! Планета» және өзге арналарынан тікелей эфирде көрсетілмек.
«Барыс Аренаға» жиналған жанкүйерлер арасында «Renault Logan» автокөлігін ойнатуды ұйымдастырушылар қолға алып отыр.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>