Қазақстан үшін бұл оқиғаның маңызы зор

Нұрсұлтан Назарбаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Аманомен кездесті.
Қазақстан Президенті МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің ашылуына орай елімізге келгені үшін Ю.Аманоға ризашылық білдірді.
– Бүгінгі шара – Төмен байытылған уран банкін құру жөнінде көп жыл бойы бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі. Қазақстан үшін бұл оқиғаның маңызы зор, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жаһандық ядролық қаруға қарсы күрес қозғалысының көшбасшысы саналатынын атап өтті.
– Біз құрамында ураны мол шикізатқа ие мемлекет ретінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға ықпал ететін боламыз, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы еліміздің Агенттікпен ынтымақтастығы жан-жақты және берік екенін айтты.
МАГАТЭ-нің бас директоры делегацияға көрсетілген қонақжайлық үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
– Бұл шара, ең алдымен Сіздің жеке қолдауыңыз бен қатысуыңыздың, сондай-ақ біздің жемісті ынтымақтастығымыздың арқасында іске асып отыр, – деді Ю.Амано.
Сонымен бірге, Агенттіктің бас директоры Төмен байытылған уранды сақтайтын ғимарат ашумен қатар, бұл шикізатты сатып алу және оны тасымалдау мәселелері де маңызды екенін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>