Полицейлердің басшылары неге пышақтасты?

Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің басқарма басшылары мен экс-қызметкерінің ішімдік ішіп алып, бірін-бірі пышақтаған оқиғасы ел арасында қатаң сынға ұшырауда.
Тамыз айының 10 жұлдызында, таңғы сағат 5.30 шамасында Тараз қаласындағы «Арай-Плаза» кешенінің қонақ үйі ауласында болған оқиға сол кешеннің бейнебақылауына жазылған. Онда облыстық ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Үмбетәлиев, Байзақ аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, бұрынғы полиция қызметкері Марсель Жетпісбаевтың кеуде тұсынан пышақ сұғып алғаны анық көрінеді. Мұрат Үмбеталиев мұнысымен қоймай, криминалдық полиция басқармасының басшысы Ерлан Бектұрғановты да жарақаттаған.
Бүгінде жарақат алған М.Жетпісбаев ауруханада жатса, Е.Бектұрғанов қамауға алынған. Ал әріптестерін пышақтаған М.Үмбетәлиевке іздеу жарияланды.
Аталған оқиғаға байланысты ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев: «Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-тармағы, 99-баптың 2-тармағы, яғни кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша іс қозғалды. Бұл істі ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облыстық прокуратурасынан құралған ведомствааралық жедел тергеу тобы жүргізетін болады», – дейді.
Айта кетейік, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов оқиғаға байланысты Таразға арнайы тергеу тобын жіберді. Келеңсіз оқиғаға кінәлілер қызметінен босатылды.

«Ақ жол» – Ақпарат».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>