Жамбыл ауданының 34 жасар тұрғыны 14 бас мүйізді ірі қара малы жоғалғаны туралы полицияға шағым түсірген. Мал санының жетпейтінін ол жайылымда мал басын түгелдеу барысында анықтаған. Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
2017 жылдың 10 маусымы күні азамат Жамбыл аудандық ішкі істер бөліміне хабарласқан. Нәтижесінде, аталған факт 10.06.2022 жылғы Сот алды тергеудің бірыңғай реестрінде 188 баптың 3 бөлімі – ірі көлемдегі ұрлық ретінде тіркелген.
Дереу іске кіріскен Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында үш күдікті анықталып, ұсталған. Аталған азаматтардың барлығы Жамбыл ауданы Октябрь-Жеміс ауылының тұрғындары екені белгілі болды. Тергеу шаралары нәтижесінде олар 14 бас сиырды ұрлағандарын мойындаған. Мәлім болғандай, ұрылар 9 бас ірі қараны бірден сойып, бөлшектерге бөліп сатып, ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ал қалған 5 бас сиыр қожайындарына қайтарылды.
Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша қамау изоляторына қамалды. Сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде