Көрмені көру бір бақыт

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесі қызметкерлерінің 32 ұл-қызы Астана төрінде өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан-дырылған көрмені тамашалауға аттанды. Балаларға мұндай мүмкіндікті Жамбыл жол бөлімшесі кәсіподақ ұйымы ұсынып отыр. Тараз вокзалынан Астанаға аттанған балаларды ата-аналары, достары салтанатпен шығарып салды.
– Қазақстан елінің қарыштап өсуіне темір жол саласының қосып отырған үлесі де қомақты. Бүгінде Жамбыл жол бөлімшесінде 3700 кәсіподақ мүшесі болса, осы азаматтардың балаларының ішінен іріктеліп, 32 балаға Астанаға жолдама берілді. Оның қатарында көп балалы отбасынан шыққан және үздік оқушы атанып, олимпиадаларға қатысып жүрген балалар іріктелді. Қазір пойызға 16 бала отырса, қалған 16-сы жол бойындағы стансалардан мінеді. Өңірдегі Сарышаған, Шу, Қияқты сынды стансалармен қатар шалғайда жатқан шағын ғана Қайраткөл стансасының да балалары бар. Әрине, осындай жазғы демалыс кезінде, халықаралық көрме тұсында балаларға осындай екі күндік сапар ұйымдастырып отырған ұлттық компания президенті Қанат Алпысбаевқа теміржолшылар дән риза.
Балалар алғашқы күні ЭКСПО қалашығын араласа, екінші күні Тұңғыш Президент мұражайы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында болады.
Сонымен қатар, тотыдайын таранған ару Астананың көрікті жерлерімен танысып, ерке Есілдің жағалауында серуен құрады. Оқушылардың алаңсыз жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында медицина қызметкерлері мен бөлімшенің персоналды басқару бөлімінің мамандары бірге жүреді.

«Ақ жол-Ақпарат».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>