Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы 10 шілдедегі №267 өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ғалия Бектенқызы Боранбаева тағайындалды.

Боранбаева Ғалия Бектен-қызы 1971 жылы туған. Білімі – жоғары. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2009 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын Қазақ тілі мен әдебиеті магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы К.Маркс атындағы орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған.
1998-2001 жылдары Жамбыл атындағы №5 мектептің орыс тілі пәні мұғалімі, 2002-2010 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Тараз университеті» баспасының редакторы, 2010-2013 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Университет тынысы» газетінің редакторы, 2013-2015 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің медиа қызметінің баспасөз хатшысы, 2015-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>