Елдос Сметов Еуропа кубогында бақ сынайды

14-16 шілде аралығында Германияның Саарбрюккен қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Еуропа кубогы жолында жарыс басталады. Аталмыш додаға ұлттық құраманың бапкерлері 14 спортшыны қатыстыруды жөн деп санапты. 60 келі салмақ дәрежесінде Айбек Имашев ел намысын қорғаса, 66 келі салмақта бапкерлер Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, жамбылдық жампоз Елдос Сметовке сенім артқан.
Ал 66 келі салмақ дәрежесінде Гумар Қырғызбаев татамиге шықса, 73 келі салмақта төрт бірдей саңлағымыз топқа түседі. Олар: Жансай Смағұлов, Нұрлан Оразалин, Елдос Жұмақанов, Азамат Мұқанов. Сондай-ақ 81 келіде Қажымұқан Өтеулиев топқа түссе, 90 келіде тағы бір жерлесіміз Әзиз Қалқаманұлы, Ислам Бозбаев, Сұңғат Закариянов жеңістің биік тұғырынан көрінуге тырысады. 100 келі салмақта бапкерлер Максим Раков пен Виктор Демьяненкоға сенім артса, аса ауыр салмақта Ержан Шынкеевтен үлкен үміт күтеміз.
Германия татамиіне алаш жұртының зор сенімін арқалап бара жатқан қазақ балуандарына тек табыс тілейміз!

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>