Мейвезер МакГрегорды нокаутпен жеңеді — Боб Арум

Америкалық промоутер Боб Арум салмақ категориясына қарамастан әлемнің үздік боксшылары рейтингінде бұрын бірінші орында тұрған Флойд Мейвезер UFC жұлдызы ирландиялық файтер Конор МакГрегорды бокс ережесімен өтетін жекпе-жекте нокаутпен жеңеді деп есептейді, — деп хабарлайды «Чемпионат.com». «Мейвезер — қорғаныстан бастап шабуылға шығатын боксшы, ол көп соққы жасамайды, қорғануға ғана тырысады. Ол өте жақсы боксы. Меніңше, Мейвезер басымдығын көрсетіп, МакГрегорды нокаутқа түсіреді», — деп келтіреді Арумның сөзін BoxingScene. Боб Арум Еске салайық, жекпе-жек 26 тамызға белгіленген және ол бокс ережелері бойынша өтеді. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін бұл кездесуді ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. БАҚ мәліметі бойынша, Мейвезер — МакГрегор жекпе-жегінің жалпы табысы 500 миллион фунт (636 миллион доллардай) болады.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>